12 Желтоқсан, 2011

Саяси-құқықтық салтанатты ҚҰЖАТ

351 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін
Сенбі күні Парламент Сенатының айрықша мәселеге ар­нал­ған кезектен тыс отырысы болды. Оны палата Төрағасы Қай­рат Мәми ашып, жүргізіп отырды. Отырысқа Сенат депу­тат­тарымен қатар, Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев, Президент Әкімшілігі Басшы­сы­ның орын­ба­сары Бағлан Майлыбаев, Ұлттық қауіп­сіз­дік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев, Жоғарғы Сот Төр­аға­сы Бектас Бекназаров, Бас Прокурор Асхат Дауылбаев, Ор­та­лық сайлау комис­сиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов, Президентке тікелей бағынатын басқа да мемлекеттік органдар басшылары мен Үкімет мүшелері, респуб­ликалық БАҚ басшылары қатысты. Жиналған жұрттың бәрінің де көңіл күйлері көтеріңкі, қуа­ныш­ты сезімде екені жүздерінен көрі­ніп тұрды. Бір-бірімен жарқын жүзбен амандасып, қуанышты сезім­дерін жасыра алмаған осы­нау жандардың бәрі де Қазақстан Тәуелсіздігінің нығаюына өз деңгейінде үлес қосқан және қосып келе жатқандар еді. Отырысты ашқан Сенат Төр­ағасы Қайрат Мәми күн тәртібін жария етті. Төрағаның дауы­сы­нан да мерекелік көңіл күй сезіліп тұрды. Күн тәртібінің жоба­сын­дағы бірінші мәселе – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ликасы Мемлекеттік тәуелсіздігінің 20 жылдығы дек­ла­рациясын қабыл­дау, ал екінші мәселе «Қазақстан Рес­публика­сын­дағы мерекелер ту­ралы» Заң­ға толықтыру енгізу туралы, деп мәлім етті Төраға. Күн тәртібі дауыс беру нәтижесімен бекітілгеннен кейін Қайрат Мәми қысқаша кіріспе сөз сөйледі. Бүгінгі күн – ерекше күн деді ол, өйткені, осыдан дәл 20 жыл бұ­рын, 1991 жылғы 10 жел­тоқ­санда өткен бүкілхалықтық президенттік сайлауда халықтың толықтай қолдауына ие болған Тұң­ғыш Президентіміз Нұрсұл­тан На­за­рбаевтың алғашқы ұлық­тау рә­сі­мі өткен еді. Осындай тарихи күн­де Парламент Сенаты Тәуелсіз Қа­зақстан шежіресіндегі екінші Дек­ларацияны қабылдау үшін жина­лып отыр. Біз 20 жыл­дың ішінде елімізде болған тарихи оқиға­лар­дың куәгерлері ғана емес, оларға тікелей қаты­су­шы­лары болғаны­мызды мақтаныш етуге тиіспіз. Егер 1990 жылғы Егемендік ту­ралы декларацияда біздің келешекте қуатты, өркендеген мемлекет құру ниетіміз ғана болса, бүгінгі құжатта Тәуелсіздік жыл­дарындағы біздің еліміздің іс жүзіндегі жетістіктері паш етіледі. 20 жылдағы жетістіктерімізді айшықтайтын құжат – «Мемлекеттік тәуелсіздігіміздің 20 жыл­дығы декларациясын» қабылдау идеясы да осындай ойлардан туған еді. Декларацияны әзірлеу үшін менің өкіміммен Парламент депутаттарынан және аппараттың жауапты қызметкерлерінен ар­найы жұмыс тобы құрылды. Осы топтың тиянақты жұмысының нәтижесінде Декларация жобасы әзірленді. Отаншылдық рухымен, туған елге деген мақтаныш сезімімен өрілген Декларация ең әуелі халқымыздың патриоттық сезімін ояту мақсатын көздейді. Замандастарымыз бен болашақ ұрпаққа арналған осынау сал­танатты саяси-құқықтық құжатта Қазақстанның 20 жыл ішіндегі басты жетістіктері айшықталған. Осы бірегей құжатта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ елі мемлекеттігін құру жолындағы баға жетпес рөлі атап көрсетілген. Декларацияда қазіргі кезде «қазақ­стандық даму жолы» ретінде бүкіл әлем мойындаған Мемлекет басшысының сындарлы сая­сатына тарихи баға берілген. Одан әрі сөз Декларация жо­ба­сы туралы баяндау үшін Әлеу­меттік-мәдени даму комитетінің төрағасы Ақан Бижановқа берілді. Сөзін жиналған жұртты алдағы келе жатқан ұлық мереке – Тәуел­сіздік күнімен құттық­таудан бас­таған Ақан Құсайын­ұлы одан әрі: Өздеріңізге мәлім, адамзат тарихы қай заманнан бері күтілмеген оқи­ғалар мен тосын өзгерістерге толы болып келеді. Өркениеттің ұзақ-сонар көшінде талай мемлекеттер әлем сахнасына шығып, кейбіреулері уақыт сынына шыдай алмай, тарих қойнауына сіңіп, жоғалып та кетті, деді. Соның бірі – Кеңес Ода­ғы да тарады. 1991 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Рес­публикасының Мемлекеттік тәуел­сіздігі жарияланған тұстан бастап, ғасырлар бойғы үзілістен кейін дүниеде алғаш рет қазақ ұлтының атымен аталатын жаңа, егемен мемлекет пайда болды. Әлемде қазақтардан халқының саны әлде­қайда басым, бірақ жеке мемлекеттігі жоқ ұлттардың да бар екенін білеміз. Ендеше, егемен елдігіміз зор бақыт қана емес, сонымен қатар, бүгінгі және келер ұрпақтар алдындағы ғаламат жауапкершілік – мұны әрқайсымыз жан-жү­ре­гімізбен сезінеміз және бұл мәңгі жасай­тын ұғым болып қала береді. Одан әрі шешен Кеңес Одағы тараған тұстағы қиындықтарға, жаңа мемлекет құру жолындағы жауапкершіліктерге шолу жасай келіп, осы жолдағы Президенттің ерен еңбегіне тоқталып өтті. Ол өзінің талантты басшылығы мен байыпты саясаты арқылы осынау, тарих үшін тым қысқа мерзім ішінде бұрынғы экономикасы негізінен шикізат өндіруге бағыт­тал­ған, есімі әлемдік қоғамдас­тыққа белгісіз болып келген республиканы жоғары қарқын­мен дамыта отырып, бейбітшіл саясатымен дүние жүзіне таны­мал мемлекетке айналдырып үл­герді. Сөйтіп, Елбасы Қазақстан халқының өзіне артқан зор сенімін үлкен абыроймен атқарып шықты және өзінің миссиясын одан әрі де табысты жалғасты­руда. Қазақстан халқы өзінің бірлігі мықты ұлт екенін танытып, ұлы істерді жүзеге асыруға қабілетті екенін дәлелдеді. Осыдан әрі А.Бижанов  Қазақ­станның Тә­уелсіздік жылдарын­да­ғы жетістіктеріне тоқталып өтті. Со­ның ішінде 2008-2010 жылдар аралы­ғын­дағы әлемдік дағдарыс­қа қарсы бағдар­ламаның тиімді болғанына, эконо­мика мен әлеу­меттік саланы жүйелі түрде жаңаландыру жолындағы үде­ме­лі индустриялық-иннова­ция­лық бағ­­дарламаның іске асып жат­қа­нына назар аударды. Сыртқы саясат сала­сындағы жетістіктер қата­рында Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға та­бысты төрағалық етіп, Астана Де­клара­ция­сының қабылда­нуы атал­ды. Соны­мен қатар, ИЫҰ мен Түр­кі Кеңе­сіндегі төрағалық­тар, Астанада үш жылда бір болатын Әлем­дік және дәстүрлі діндер көшбас­шыла­рының съезде­рі, еліміздің ай­мақ­тық ұйым­дар­­дағы белсенділіктері атап өтілді. Одан әрі Сенатта өмірге келген Тәуел­­сіздіктің 20 жыл­дығы де­к­ла­­рация­сының туу идеясы, оның маңызы мен мазмұны тура­лы айтылды. Президент Н.Назарбаевтың еу­­разияшылдық идеясының іс жүзіне асуы, елдің ұлттық қауіп­сіздігі мен қорғаныс саласының беріктігі атап көрсетілді. Декларацияда барлық қазақ­стандық­тардың мақтанышына айналған Астанамыздың баянды болашағы аталғанына тоқталды. Сөзінің соңында Ақан Бижанов Декларацияда қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретінде барша отандастарымызды біріктіруші жә­не топтастырушы рөлі айтыл­ғанын көлденең тартты. Декларация заманымыздың аса көрнекті қайраткері, еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назар­баев­тың басшылығымен Қазақ­станның Тәуелсіздігі жылдарын­дағы жетістіктерін айшықты көрсететін, сонымен бірге, хал­қы­мызды жаңа жасампаз істерге бастайтын мазмұнды тарихи құжат болатыны сөзсіз, деді ол. Осыдан кейін сөз Декларация жобасын оқып беру үшін «Халық Қаһарманы», сенатор Мұхтар Алтынбаевқа берілді. Ол Декларация жобасын өзінің нағыз генералдарға тән зор дауысымен, бір демде, мемлекеттік тілде оқып берді. Одан кейін Қ.Мәми Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тә­уел­сіздігінің 20 жылдығы декла­рациясын қабылдау туралы Қау­лының жобасын дауысқа қойып, сенаторлар оны бірауыздан қа­былдады. Сөйтіп, жиналған­дар­дың қызу қолдап, қол соғуымен мемлекет мерейін межелеген ма­ңызды құжат өмірге келді. Оның маңыздылығы ту­ралы қысқаша сөйлеген Сенат Төрағасы бұл Декларация мемлекеттік мерей де­кла­­­рациясы, деді. Жеңімпаз ха­лық­тың жетелі істерін көрсеткен Декларация. Бұл Декларацияда Қа­зақстанның тә­уел­сіздік жылда­рын­дағы то­лайым табыстары айшық­талған. Егер осы жетістіктерді бұрын әртүрлі мінберлерде Елба­сынан бастап, барлық ла­уазымды адамдар, жай азаматтар айтып жүрсе, енді ол нағыз құқықтық құжатқа айналды. Бұл құжатта еліміздің Тұңғыш Президенті   Н.На­­­зар­баев­тың бүгінде әлем мойындап отырған сарабдал саяса­тына жә­не оның дүние жүзі таны­ған қа­зақстандық даму жолының ерекшелігіне тарихи баға берілді. Осылай дей келіп, Төраға Де­кла­рацияның қабылда­нуымен жи­­налғандардың бәрін құттық­тады. Күн тәртібіндегі екінші мә­селе бойынша Әлеуметтік-мә­дени даму комитетінің мүшесі Анатолий Башмаков сөз сөйледі. Ол «Қазақстан Республикасын­дағы мерекелер ту­ралы» Заңға толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы туралы айтты. Қазақстан халқының алдындағы Елбасы­ның ерен еңбегі туралы жеткізе келіп, ол Н.Назарбаевтың осы­дан 20 жыл бұрын бүкілхалықтық сайлауда алғаш рет Президент болып сайланған 1 желтоқсанды «Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президентінің күні» мемлекеттік мерекесі болып жариялау ту­ралы заң жобасымен таныс­тырды. Бұл ұсыныс сенаторлар тарапынан мақұлданды.   Лебіздер Мұрат МҰХАМЕДОВ, Парламент Сенатының депутаты: – Бұл күн – Қазақ мем­ле­ке­тінің та­ри­хын­да ай­рық­ша күн. Өйт­кені, Парламент Се­на­ты Қазақстан Рес­пуб­ликасы Тә­уел­сіздігінің 20 жылдығы декларациясын қабыл­дады. Онда еліміздің 20 жылда жү­ріп өткен жолы, барлық сала­лардағы жеткен жетістіктері, то­лайым табыстары айтылған. Ал осы жемістердің жетілуінде қоға­мымыздағы басты байлық – ол саяси тұрақтылық, татулық пен келісім, халықтың бірлігі. Елімізді толық нарықтық қатынастарға кө­шірудің қандай табысты болған­дығы, әртараптандыру, оның ішінде үдемелі индустриялық-инно­вациялық жобаларды жүзеге асы­ру, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, онымен қоса, еліміздегі азаматтық қоғамның қа­лып­тасуы сынды қадау-қадау ма­ңызды мәселелер қамтылған. Қазақ елінің осы 20 жылдағы тағы бір мықты табысы – ол біздің іргемізді бекітіп, мемлекеттік шека­ра­­мызды дау-дамайсыз ше­шіп алуы­­мыз дер едім. Қа­зақ­стан бұл күні әлемдік қоғамдас­тықтың мо­йын­далған, табыста­рына жетіжұрт көз тігіп отырған елге айналды. Әрине, осылардың барлығы біздің еліміз­дің баста­уын­да тұрған Елба­сының ерен еңбегі мен халықты жұмыл­ды­рып, соңынан ерте бі­луі­нің арқа­сында жүзеге асты. Сон­дықтан да Декларацияда ол кісінің осы еңбегі айрықша аталған. Сенатта екінші қаралған мәсе­ле ол – 1 желтоқсанды мемлекеттік мейрам етіп жариялау туралы. Бәріміздің есімізде, осыдан 20 жыл бұрын 1 желтоқсанда бүкіл ел бо­лып, қалауымызды білдіріп, Нұрсұл­тан Назарбаевқа үміт пен сенім жүгін арқалатқан болатын­быз. Ол сенімнің қалай орын­далғаны да көз алдымызда. Сон­дық­тан осы күнді келер ұрпақ та тарихи бағасын біліп отыру үшін жылда мереке етіп тойласа нұр үстіне нұр.   Иран ӘМІРОВ, Парламент Сенатының депутаты: – Өткенге ба­ға беріп, бо­ла­шақ­қа бағдар бо­латын құжат қа­былданды. Оның ішінде Ұлт көш­бас­шы­сы Нұр­сұлтан Назар­ба­ев­тың еңбегі, бо­ла­шақ­­қа сілтеген жолы, халықтың қолдауы, жеткен жетістіктеріміз, алған асуларымыз, алдағы жо­баларымыз, келешектен не күтеміз деген ойларымыз да қамтылды. Біз тек бүгінгі жетістіктермізге тоқмейілсіп тұрып қалсақ, онда өркендемейтініміз анық. Өмір бо­йы адамзат баласы талпыныста, сол ізденістері арқылы алға жыл­жумен, өсумен, өнумен келеді. Со­ған әрбір адам өз балаларын, ма­ңайындағы туыс-туғандарын, ұжым­­­­­дастарын, таныстарын ба­ғыттап отыруы тиіс. Өткен ғасырдың 90 жылдарын­дағы қиын кездер көз алдымызда. Шалқар мен Жаңатастың әйелдері шойын жолдың үстінде жатты, жәрдемақы, зейнетақы дегендер берілмей, бұрынғы экономикалық байланыстар бырт-бырт үзіліп, мал біткен бартерге кетіп, шахтерлер айлап ереуілге шығып жатты. Осы­ның барлығы қазір артта қалды. Шүкір, тәубе дейтін уақытымыз. Бірақ тағы да айтамын, өмір, уақыт деген бір орнында тұрмайды, заманауи көшке ілеспесең шаң қаба­сың. Осы 20 жыл ішінде еліміз Елбасы бастауымен 100 жылға та­тырлық еңбек жасады. Бүгінде Қазақстанды әлем таниды деп қуанып отырмыз. Ол – біздің ты­ныш­тығымыздың, халқымыздың ауызбіршілігінің, Елбасының елді өрге сүйрер ерен еңбегінің арқасы. Біздің тарихымызда Қазақ­станда локомотив шығарылып па еді? Кеше ғана Президенттің қа­тысуымен вагон шығаратын зауыт­тың жұмысы басталып жатыр. Машиналар шығарудамыз. Осының барлығы – ілгері басу. Ілгері бас­қан, алға ұмтылған қадамда­рымыз құтты болсын!   Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ, Парламент Сенатының депутаты: – Деклара­ция­­ның қа­был­­да­нуын шын мә­­нінде тарихи оқи­ға деп есеп­­тей­мін. Бі­­рін­ші­ден, осы ар­қы­лы Қазақ­стан­­ның жеткен же­тістіктерін әлемге паш етуді мақсат тұтсақ, екіншіден, біздің алдағы тұрған екінші межелеріміз, атқаруға тиіс жос­пар­ла­рымыз, болашақ ұрпаққа қа­тысты жобаларымыз да Декларацияда нақты белгіленген деп ойлаймын. Бұл құжаттың қабыл­дануына қатысым болғандығы үшін өзімді бақытты сезінемін. Өйткені, тәуелсіздікті қаншама ұрпақ арман етті, қаншама боздақ осы жолда құрбан болды. Міне, солардың қол жеткізе алмай кеткен ең бір тәтті арманы шындыққа айналған кезде өмір сүру бақытына біз ие болып отырмыз. Оны азаттықты арман еткен елдің әр перзенті ұғынады. Әрине, тарихи құжатта Елба­сы­­мыздың еңбегі атап айтылады. Ол айтылуға тиіс, себебі, біздің егемен еліміздің барлық жетістіктері осы кісінің көшбасшы­лы­ғымен жүзеге асуда. Сондық­тан бастамашы топтың ұсыны­сымен қабылданған 1 желтоқ­санды Қа­зақ­стан Республи­касы­ның Тұң­ғыш Президенті күні ретінде, мемлекеттік мереке ретінде атап өту барша сенаторлардан қолдау тап­ты. Бұл тек біз ашып жатқан жаңалық емес. Мұндай мерекені атап өту өзге мем­лекеттердің де тәжірибесінде бар. Сенат депутат­тары осы ұсынысты қабылдай отырып, сонау егемендіктің ал­ғаш­қы жыл­дарында, қиын кезең­дерде Қазақ­стан халқы ел тізгінін Президентімізге бере отырып, елді сол экономикалық тоқыраудан, тығы­рықтан алып шығады деп сенген еді. Сол үміт пен сенім толық ақталды. Сондықтан бұл ла­йықты түрде аталып өтетін күннің бірі деп білемін.