Аймақтар • 07 Маусым, 2018

Ақтөбеде республикалық әкелер форумы өтті

817 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Бүгінде не көп, облыстық, рес­публикалық және халық­аралық дең­­гейде әртүрлі тақырыпта өт­кізіліп жүрген форумдар мен ғы­лыми-практикалық кон­фе­рен­циялар көп. Алайда со­ның көпшілігінде қозғалған мә­селелер мен айтылған ой-пі­кір­лер көпшіліктің зердесінде сақ­талып қала бермейді. 

Ақтөбеде республикалық әкелер форумы өтті

Солай дей тұрсақ та Президент жанын­да­ғы Әйелдер істері және отба­сылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен Ақтөбе облысының әкім­ді­гі бірлесіп ұйымдастырған рес­­публикалық әкелер фору­мы жұртшылықтың үлкен ықы­ла­сын туғызғанын айтқан жөн.

Бүгінгі қазақстандық қоғамды, соның ішінде отбасылық қарым-қа­ты­настар аясында әкенің рөлі мен мәртебесі өз деңгейіне сәйкес келе ала ма? Балаларға тәрбие беру ісінде әке­лердің рөлі мен тигізетін ық­па­лы төмендеп бара жатқан жоқ па? Атал­ған форумның қызметі қа­зір­гі ке­з­де көптеген қоғам мүше­ле­­рін алаң­датып жүрген осындай сауалдарға то­лыққанды жауап қайтаруымен құн­ды болды деуге толық негіз бар. Хал­­қымызда «Әке – асқар тау» деген ұғым мен «Әке көрген оқ жонар, ше­ше көрген тон пішер» деген нақыл сөз бар. Бұл халықтық қағи­да әке­ден ауыс­қан қасиет пен әке арқылы бе­ріл­ген үлгі-өнегенің бөлек, айрық­ша еке­нін көрсетеді.

Өйткені әке – отбасының тірегі. Оның басты қамқоршысы мен асырау­шысы. Рас, зайыбы мен туған ұл-қыздарын ешкімнен кем қыл­мау, та­­рық­тырмау ниетімен көп жағ­дай­лар­да түзде жүріп, бала тәр­бие­сі­нен шет­кері қалған әке­лер де аз емес. Мұн­дай жағдайда отбасындағы ана тәр­биесінің ықпалы басымырақ тү­седі. Қалай дегенде де бір отбасынан өрбіген перзенттер ер-азаматқа тән ерік-жігердің молдығы, дербес шешім қабылдай алу, өз елі мен жерін шек­сіз сүйіп, оны қорғауға әзір болу секіл­ді қасиеттерді бойларына сіңіре біл­се, бұл тұтастай қазақстандық қо­ғам үшін де құнды демекпіз.

Талас жоқ, әке деген ардақты ат. Әкенің отбасы алдындағы жауап­кер­ші­лігі қай кезде де жоғары. Әттең, шір­­кін не керек, осындай жауап­кер­ші­лікті сезінбей, отбасынан айыры­лып, өзінің туған пер­зе­нт­теріне алимент төлеуден қаш­қақ­тап жүргендер де кездеседі. Мұн­дай­ларды әке деуге де ауыз бара бермейді. Қане, жақсылап ойланып, тереңге бір көз жүгіртіп көрейікші. Әке де­ге­німіз кім? Бұған әркім әртүрлі си­пат­та жауаптар қайтаруы мүмкін. Де­генмен республикалық форумда әке­нің мәртебесіне қатысты орамды ой­ды Мәжіліс депутаты Бақытбек Сма­ғұл айтты. Ол өз сөзінде әке болу – қоғамның рухани жаңғыруындағы ма­ң­ызды әлеуметтік институт деген түйін жасады.

Қазіргі кезде жас жеткіншектердің бойында отаншылдық пен қазақ­стандық патриотизм сезімін қалып­тас­тыра білудің маңызы жоғары. Түп­тей келгенде, мұның өзі отбасы тәр­бие­сіндегі басым бағыттардың біріне айналуға тиіс. Айтайын дегеніміз, дәл осы тұста әкенің атқаратын орны жо­ғары екеніне ешкім талас туғыза ал­майды. Қазіргі кезде дәл осы рөлді одан әрі күшейту қажеттілігі де айқын көрінуде.

Қысқасы, қазіргі кезде әке ық­па­лын алға ұстайтын, оны тұ­тас­тай о­т­басылық тәрбиемен ұштастырып, үй­­­лестіре алатын әкелер инс­ти­ту­ты­ның мәртебесін көтеретін кез келген секілді. Бүгінде елімізде әкелердің қо­ғам­дық қозғалысы да жанданып келеді. Осы орайда форумда «Қа­зақ­стан әкелер одағы» қоғамдық бір­­лестігінің төрағасы Қуаныш Жұ­матаев пен Білім және ғылым ми­нис­трлігі Балалардың құқықтарын қор­ғау комитетінің төрағасы Нұрбек Ор­шубеков және «Балбала» өндірістік сау­да компаниясы кеңесінің төрағасы Қы­дырәлі Болманов балаларын бел­гілі бір мамандық алуына ықпал ж­а­сап, еңбекке баулу және белгілі бір кә­сіпке икемдей білу ісі әкелердің төл парызы екенін атап көрсетті. Фо­румда сөз алған шешендер әке тәр­биесін көрмеген бала жалтақ, жігер­сіз әрі жаутаңкөз болып өсетінін мә­лім­деді. Осы көріністер орын алмау үшін қоғамды тиісті факторларды ор­нықтыру қажеттілігіне тоқталды. Әрі олар жалпы білім беретін бү­гінгі республика мектептерінде ер мұғалімдердің үлесі аз, тіпті мүл­дем жоққа тән екені жөнінде мә­селе кө­теріп, осы олқылықтың орнын толты­ру үшін педагогикалық маман­дық­тар­ға гранттар бөлу кезінде ер ба­ла­лар­дың үлесін өсіру жөніндегі ұсы­ныстарын жеткізді.

Форумда Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демо­графиялық комиссия төрағасының орын­басары Ләззат Сүлеймен отбасылық қарым-қатынастар институтын дамыту мемлекетімізде белгіленген әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін жет­кіз­ді. Бұл бағытта дәстүрге ай­налған «Ме­рейлі отбасы» байқауын өткізудің ма­ңызы жоғары. Республикалық әкелер форумын өткізудегі басты мақ­сат та отбасылық институттың кем-кетігін түгендеу. Осылайша, елімізде үшінші рет өнегелі әкелердің басын қосқан алқалы жиын үлкен пікір алмасу алаңына айналып келеді, деді ол.

Түйіп айтқанда, Ақтөбеде өткен әкелер форумының басты арқауы әкелер қозғалысын дамыту жөніндегі шараларды тереңдете түсуге қозғау сала алуымен айқындалады. Бұл жө­нінде форумда арнайы қарар қа­был­данғаны осы пікіріміздің айғағы. Аталған құжатқа сәйкес «Әкелер ке­ңесі» қоғамдық бірлестігі аясында атқарылатын істердің ауқымы өсе түсуге тиіс. Алдағы уақытта аталған құ­ры­лымның бөлімшелері еліміздің ба­рлық өңірінде ашылады деп кү­тілуде. тағы бір айта кетерлігі, үлгісі мол, ойы ор­нықты, пікірі байыпты әкелерге ұлттық комиссия атынан Алғыс хаттар табыс етілуі оларды моральдық тұрғыдан қолдаудың бір көрінісі болғаны анық.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ