13 Желтоқсан, 2011

Жұлдызды жиырма күн. Он сегізінші күн (13 желтоқсан): СЕРПІН

339 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін
Іргемізді нықтайтын ірі жобалар

Серпінділік стратегиясы

Индустриялық-инновациялық даму ба­ғдарламасы Қазақстан экономикасы­ның негізгі тәуекелдерінің стратегиялық дұ­рыс еке­нін көрсетіп, сол арқылы эко­но­ми­ка­ны әр­тараптандырудың және ши­кі­затқа тәуел­діліктен арылудың балама­сыз болып та­нылды. Мемлекеттік ин­но­ва­ция­­лық саясат біріншіден, дамудың жедел әрі әсерлі тәсілі инновациялық кластерлерді дамы­ту­ға, екіншіден, барша қа­зақ­стандықтардың ұлттық идеясын қа­на­ғат­та­дыратын инно­ва­циялық орта қалып­тас­тыруға, үшінші­ден, инно­ва­ция­лық ин­ф­рақұрылымның әсер­лілігін арт­тыру­ға, төр­тіншіден, ғылы­ми-тех­но­логиялық әлеует­­ті коммер­ция­лан­ды­ра­тын қазақ­стан­дық жүйе жасауға және бесіншіден, отан­дық кәсіпкерлікті инно­ва­циялық гранттармен қамтуға бағытталған. 2011 жылғы 4 шілдеде «Көрме» ор­талығында Мемлекет бас­шы­сы­ның қа­ты­суымен «Қуатты Қазақстанды бірге жа­саймыз!» атты іс-шара өткізілді және 2011 жылдың бірінші жарты­жыл­дығын­да іске қосылған Индус­т­рия­лан­дыру карта­сы жобаларының тұсаукесері өтті. Осы іс-шара барысында облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкім­дері Мемлекет басшысына 6 мың­нан астам тұ­рақты жұ­мыс орнын құра отырып, 114 млрд. теңге қаражатты қамтитын 75 жо­ба­ны таныс­тырды. Жалпы, жарты жыл ішінде 900 млрд. теңгеден астам сомаға 227 жоба іске қосылып, 29 мың жаңа тұрақты жұмыс орындары құрыл­ған. Екінші жарты­жыл­дықта кемінде 617 млрд. теңге қаржыны құрайтын 14,5 мың тұрақты жұмыс оры­нын қамтитын 129 жобаны іске қосу жос­парланып отыр. Оның ішінде «Самұрық-Энерго» АҚ-тың қолдауымен Шарын өзенінде Мойнақ ГЭС-ін салу, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың жауапкершілігімен Жеті­ген-Қорғас темір жол торабын және «Өзен – Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» жаңа темір жол торабын салу, Астана қаласында «Talgo» жолаушылар вагонының өндірісін ұйымдастыру, «Ба­тыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолын салу секілді ірі жобалар бар.

Мойнақ ГЭС-і

Тәуелсіздік алғаннан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тап­сыр­­масына орай Мойнақ ГЭС-ін қайта қол­ға алу туралы Үкіметтің арнайы қаулысы Швейцария мен Қытай­дан кейін жер астын ұңғылау әдісімен са­лынған үшінші су электр стан­сасы. Қуаты – 300 МВт. Оның ерекшелігі – ТМД кеңістігіндегі жоғары қы­сым­ды үш гид­ро­стансаның бірі. Су қы­сы­мы 500 метрді құ­райды. Құры­лыс­тың жалпы құны 340 миллион доллар. Алғаш құрылысқа Қазақ­стан­ның Даму банкі 25 миллион АҚШ долларын бөліп, қаржы «Бестөбе» су қоймасы мен жол, электр же­лісін тарту­ға, тұрғын үй салуға жұм­сал­ған. Аталмыш банк кейіннен тағы да 132 миллион доллар бөлген. Қытай Даму банкі 200 млн. АҚШ доллары кө­ле­мінде инвестиция салған. Қара­жат есебінен негізгі нысан құрылыс­тары басталып, жұ­мыс­қа кәсіби тәжіри­бе­сі бар Қытай ма­ман­дары тар­тыл­ған. Қазір бөлінген қар­жы­ның 90 пайызы игерілді. Құрылыста 1200-дей адам еңбек етсе, оның 340-ы Қытайдан келген мамандар. Қалғандары өзіміздің отандастар. Мамандар үшін 80 тұрғын үйден тұратын қала­шық және мешіт, балалар бақшасы салын­ды. Мойнақ­ты салуға 200 мың текше метр бетон, 25 мың тонна арматура, 16 мың тонна құ­быр, 5 мың тонна құрал-жабдық, 1 млн. текше метр тас жұм­сал­ған. «Мой­нақ­тың» 51 па­йыз акция­сы мемлекет қо­лында. Ал, 49 пайызы қазақ­­стан­дық акционерлер иелігінде. Жарық көзі «KEGOC» акционерлік қо­ғамының желілері арқы­лы Шелек және Қапшағай жа­нын­дағы қо­сым­ша станса­лар­ға беріліп, одан әрі оң­түс­тік өңірге та­ратылады. Құ­ры­лыс жұ­мысында 100 түрлі марка­да­ғы авто­кө­лік­тер мен 37 арнаулы техника және ме­ха­никалық агрегат, генератор, трансформатор, компрес­сор­лардың 50-ден аса түрі бар. «Бестөбе» су қой­ма­сы­ның көлемі 238 млн. текше метр. «Мой­нақтың» кепілдік мерзімі 100 жылға есеп­телген. Сейс­ми­ка­лық жағынан 9 балл­дық жер сілкінісіне тө­зім­ді. Алып құрылыс іске қосылғанда өңір­дегі өнер­кәсіп өнімі­нің көрсеткіші жыл сайын 6,7 млрд. тең­гені құрайды деп жос­парланған. Бюджетке 1 млрд. 790 млн. теңге түсім түсетін болады.

Жетіген – Қорғас темір жол торабы

Үдемелі индустриялық-иннова­ция­лық даму мемлекеттік бағдар­ла­ма­сы­ның ая­сында салынған «Жетіген-Қор­ғас» темір жол желісі жүкті темір жол арқылы Қы­тай­дан Орталық Азияға, одан әрі Еу­ро­паға жеткізудің ең қысқа жолы болып отыр. 293 шақырымға созылған желіге 165 000 млн. теңге инвестиция са­лын­ды. «Жетіген – Қорғас» темір жол желісі Қа­зақстан мен Қытай ара­сын­дағы жол қа­шықтығын 500 шақырымға қысқартады. «Жетіген – Қор­ғас» темір жол желісінің бойында орна­лас­қан «Ал­тынкөл» стан­са­сы ірі көліктік-ло­гистикалық түйін бол­мақ. «Алтынкөл» стан­сасында пойыз ва­гон­д­ары қы­тай­лық тар рельсті темір жолдан (1435 мм.) ТМД елдерінде пайд­а­ла­ныла­тын темір жол рельсіне (1520 мм.) ауыс­ты­ры­лады. Қазіргі таңда «Ал­тын­көл» стан­сасының жұмыс­шы­­ларына ар­нал­­­ған «Нұр­кент» шағын қа­ла­шығы са­лы­н­ды. Қа­зақстан Республи­ка­сының Кө­лік және бай­ланыс министр­лі­гінің мә­лі­­мет­тері бо­йы­н­ша, «Жетіген – Қорғас» желісі арқылы 2012 жылы 5,5 млн. тонна, 2015 жылы 10,5 млн. тонна, ал 2020 жы­лы 25 млн. тонна тауар айналымы жү­зеге асады. Осы ар­қы­лы Қазақ­стан­ның көлік­тік-логисти­ка­лық қызмет түр­лерінен та­ба­тын табыс көлемі 50 пайыз­ға дейін ар­та­ды. ҚХР-мен екі ортадағы Шекара маңы ынты­мақтастығы халық­ар­алық ор­та­лығы екі ел арасындағы сауда-саттық қатынас­тар­дың дамуына, мемлекет­ара­лық бай­ла­ныстың артуына атсалыспақ. Орт­а­лықта көтерме және бөлшек сауда орын­дары, көр­ме зал­дары, жүк сақтау қой­­ма­лары ор­на­ла­са­ды, ақпараттық-ло­гис­­ти­ка­лық орта­лық бола­ды, қонақүйлер мен дәмханалар са­лынып, көліктік-эк­с­пе­ди­циялық, теле­комму­ни­ка­ция­лық, брокерлік және банк қызметтері көрсетіледі. Шекара маңы ынтымақ­тас­тығы халық­аралық орта­лы­ғы 2012-2018 жылдар ара­лы­ғында жеке инвес­ти­­­ция­лар­дың есебінен толықтай салынып бітеді деп жос­парланып отыр. Болашақта Ал­ма­тыдан орталыққа дейін электр пойызы немесе рельсті автобус жүргізу жос­пар­ла­нып отырған көрінеді. Шекара маңы ын­ты­­мақ­тас­ты­ғы халық­ара­лық орталығы аза­­мат­тарға 50 кило­грамға дейін жүкті са­лық төлемінсіз алып өтуге мүмкіндік береді.

Өзен – Түркіменстанмен мемлекеттік шекара темір жол желісі

«Өзен – Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» жаңа темір жол магистралі – «Өзен – Қызылқия – Берекет – Этрек – Горган» халықаралық жобасының бір бөлшегі. Аталмыш желінің құрылысына 13 млдр. теңге жұмсалуда. Еуразия мен Иран теңіз айлақтарын барынша жақындастыратын Солтүстік – Оңтүстік стратегиялық трансұлттық дә­лі­зінің құрылысын атқаруды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2009 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-қа жүктеді. Темір жолдың қазақ­стан­дық 146 шақырымдық бөлігінде 68 жасанды ғимарат, 7 станса мен жол­айы­рықтары, төрт көпір салынады. Құры­лыс жұмыс­тары­на еліміздің түпкір-түп­кірінен екі мыңға жуық маман тартыл­ған. Қазақстан Президентінің тапсыр­масына орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ темір жол теліміндегі тап­сырыстардың 80 пайы­зын отандық өндіріс орындарына орна­лас­тырды. Атал­ған жоба 2007 жылы Қазақстан, Түркі­менстан және Иран ара­сында қол қойы­л­ған Мемлекет бас­шыларының Дек­ла­ра­циясы және Үкі­мет­аралық келісім негізінде жүзеге асы­рылуда. Қазақстан аумағы арқылы өте­тін желінің ұзындығы – 146 шақырым. Бүгінгі таңда рельс торкөздерін төсеу мен суағарлар және көпірлер секілді жа­сан­ды ғимараттардың құрылы­сы толы­ғы­мен аяқталды. Телімнің бар­лық желілеріне бағандар орнатылып, электр қуаты беріле бастады. Өзен стансасы барынша кеңей­ті­ліп, жаң­ғыр­тылуда. Мұнда 100 жолаушыға арналған жайлы вокзал бой көтеріп, ин­ф­ра­құ­рылымы сәйкестен­ді­рі­лу­де. Әлеу­мет­тік мақсаттағы әрқайсысы 320 орындық екі балабақша, монша, бас­қа да нысандар тұрғызылады. Жаңадан салынған Бола­шақ стансасында 25 жо­лау­шыға арнал­ған вокзалмен бірге қыз­мет­тік-техни­калық ғи­мараттар бой көтеріп келеді. 80 оқушы­ға арналған мектеп, 50 орындық бала­бақша, желілік амбулатория, өнер­кәсіптік және азық-түлік дүкен­дері, асхана, наубайхана ашу көзделген. Темір жол желі­сі­нің құры­лысы барысын тұ­рақты бақылау жөнінде арнайы штаб құрылған. Жаңа темір жол магистралы елі­міздің бәсекелестікке сай әлеуетін өсі­ріп, Қазақ­стан Республикасын жаңа ха­лықаралық көлік дәлізіне бастайды. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің ха­бар­лауынша, «Өзен – Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» темір жол желісі белгіленген мерзімінде аяқталады.

Талапқа сай «Тальго»

Қазақстанда «Тальго» пойызының ва­гондары 2004 жылдан бері пай­да­ла­ны­лады. Мемлекет басшысының жо­лау­шы пойыздарының жылдамдығын арттыру жөнінде берілген тапсырмасы бар. Ол тап­сырманы орындау үшін әлеуетті әріп­тес – жолаушылар вагон­дарын шығара­тын ис­пан­дық «Тальго» компаниясымен бірлескен зауыт салу туралы шешім қабыл­дан­ған. Қазан айының 5-і күні Мемлекет бас­шысының қабылдауында болған «Қазақ­стан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Ас­қар Мамин желтоқсан айында жолау­шы­лар ва­гондарын құрастыратын зауыт құ­ры­лысы аяқталатынын жеткізді. Жолаушылар вагонын құрастыратын зауыт кузов дайындау, электр-мон­таж­дау жұмыстары, кузов жинау, вагон­дар­ды тіркеу және статистикалық сынақ, вагонның есік-терезесін жинау, кузовты сырлау жә­не дайындау секілді цехтардан тұрады. Зауыт орналасқан аумақтың көлемі шамамен 30 мың шаршы метрді құрайды. «Тұл­пар-Тальго» жолаушылар вагонын құ­растыру зауытының құры­лы­сы өткен жыл­дың қа­зан айында бас­тал­ған. Зауыт­тың жыл­дық қуаты 150 вагонды құрайды. Іске қосыл­ған­нан кейін 140 вагонға дейін құрас­ты­ры­латын болады. Жұмыс күші де соған сай көбе­йіп отырады. Мәселен, зауыт пай­да­лануға берілген биылғы жел­тоқ­сан айында 54 жұмыс орны қарас­ты­рылған. Ал келесі жылы зауыт ұжы­мы­ның саны 115 адамға жетеді. 2015 жылы жолаушы вагондарын жасауға 360 адам жұмыл­дырылады. «Тұлпар-Тальго» ЖШС-ның өнім­дері­не қазірдің өзінде сұраныс бар. Мәсе­лен, «Жолаушылар тасымалы» АҚ өткен жылы қазақстандық-испандық бірлескен кәсіп­орын – «Тұлпар-Тальго» ЖШС-мен 2011-2014 жылдар кезеңінде 420 жолаушылар вагонын сатып алу жө­нінде ұзақ мерзімді келісім-шарт жасас­ты. Сонымен қатар, зауыттың ва­гон­да­ры­на Орталық Азия елдері, оның ішінде Өзбекстан Республика­сынан да тапсырыс түскен. Қазіргі таңда «Тұлпар» пойызының жүрісі сағатына 140 шақырымды алады. Ал «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бұл жылдамдықты 200 шақырымға ұлғай­туды көздеп отыр. «Тұлпар-Тальго» жолаушылар ваго­нын құрастыру зауыты бойынша өнді­рісті шоғырландыру барысында отызға тарта отандық тауар өндірушілерді қа­тыстыру көзделген. Олар – Алматының «АЛПРОФ», «SatClass», «Держава кор­по­рациясы» және Сарань қаласының «Восход», «Казцентрэлектропровод» ЖШС секілді мекемелер жолаушылар вагонын жасау зауытын вагон кузовына қажетті алюминиймен, резеңкеден жасалған бұ­йым­дармен, шынылы-талшықты бұ­йымдармен, кабельді өнімдер, лак және бояу материалдарымен, желімдермен қамтамасыз етеді. Осылайша өндірісті шоғырландыру үдерісі үстіміздегі жы­лы 5 пайызды, ал келесі жылы 23 па­йызды құрайтын болады. 2013 жылы бұл көрсеткіш – 34, 2015 жылы – 51 пайызға көтерілмек.

Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізі

Құны 825 млрд. теңге тұратын “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” халық­аралық транзит дәлізін салу жобасы үлкен қызы­ғу­шылық тудыруда. Қытай­дан баста­ла­тын магистраль Ресейдің Санкт-Петер­бург қа­ла­сына дейін 8,5 мың шақырым қашық­тық­қа созылып жатыр. Алдын-ала болжам бойынша, эко­номикалық тиімділігі 86 млрд. тең­гені құрайтын теңдессіз жобаның еліміз аумағын басып өтетін бөлігі 2 787 шақырым болса, оның 2 452 шақырым қайта салынуға жатады екен. Жоба аясында Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары бойынша жолдарды салумен қатар, республикалық маңыздағы желілер де қоса жаңғыртылады. Бұл респуб­лика­лық маңыздағы желілердің 90 пайызы “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” жобасы есебінен жөнделеді деген сөз. “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” автожолын са­лу­ға қазір 11 компания жұмыл­ды­ры­лу­да. Оның бесеуі шетелдік, қалған ал­тауы қазақстандық компаниялар. Атқарылатын жұмыстың 69 пайызы қазақстандық компания­лардың мойнында. Бүкіләлемдік банк, Ислам банкі, Азия және Еуропа даму банктері бұл жобаға ірі көлемде (422 млрд. теңге) қаржы салып отыр. Жоба жүзеге асып жатқан еліміздің үш облысында 14 мың адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Болашақта жұмысты толық игеру үшін 50 мың адам еңбекке тартылатын болады.

Айқарма беттің материалдарын ұйымдастырған Қанат ЕСКЕНДІР.