«Парламенттің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №15 қаулысына сәйкес ҚР Қарулы Күштерінің офицерлерін бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі жартылай міндеттерді орындау үшін БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларына әскери байқаушылар ретінде жіберу жүзеге асырылады. 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 11 офицер 12 ай Батыс Сахарада және Кот Дивуарда БҰҰ-ның миссияларына қатысты. Парламент мақұлдаған Гаити мен Либериядағы басқа 2 миссияға жіберу контингент ауқымының қысқаруына және БҰҰ-ның сұрауының болмауына байланысты жүргізілмеді. Кот Д`Ивуардың тұрақталуына байланысты осы елдегі БҰҰ-ның миссияларына әскери байқаушылар мұнан ары жіберілмейді», - делінген Елбасы ұсынысында.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының дерегінше, қазіргі уақытта Батыс Сахарада БҰҰ-ның миссиясында Қазақстанның 5 әскери қызметшісі қызмет атқаруда. Көптеген қазақстандық офицерлер бітімгершілікке қосқан үлесі үшін медальдармен наградталды және миссиялардан алғыс алды. Сондай-ақ Сахарада БҰҰ-ның миссиясында басшылық лауазымдарға тағайындалған қазақстандықтар да бар.
«БҰҰ-ның басшылығы әскери қызметшілердің даярлық деңгейіне жоғары баға берді және олардың санын арттыруға мүдделілік танытуда. Осыған байланысты бітімгершілік қызметке қатысуды кеңейту мақсатында әскери байқаушылар мен штабтық офицерлерді, ҚР Қарулы Күштерінің офицерлерін БҰҰ-ның миссияларына қатысу географиясын кеңейту ұсынылады. Бұл БҰҰ-ның бітімгершілік операциясын жүргізу аумағындағы қауіпсіздік пен ағымдағы ахуал туралы ауқымды ақпарат алуға және осы ақпаратты контингент құрамында миссияға одан ары қатысу жөніндегі ұстанымды пысықтау үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Одан басқа миссияда болу нәтижесінде алынған халықаралық стандарттар жөніндегі тәжірибе мен жұмыс дағдылары Қарулы Күштердің еліміздегі оқу-жаттығу талаптары өткізетін оқу, білім беру процесінде қолданылады. Командалық және штабтық лауызымдарға тағайындау кезінде ескеріледі. Осы контексте Қорғаныс миинстрлігі Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, қауіпсіздік саласындағы әскери-саяси ынтымақтастығы, саяси ынтымақтастығы және Қазақстанның басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарын ескере отырып, басымдық берілген бітімгершілік миссияларының тізімін әзірледі», - делінген Президент ұсынысында.
Президенттің пайымынша, БҰҰ-ның миссияларындағы Қазақстан әскери байқаушылары мен штабтық офицерлерінің санын арттыру халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосумен қатар Қазақстанның беделін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметі аясында халықаралық қауіпсіздіктің жауапты мүшесі ретінде нығайта түседі.
«Осы айтылған міндеттерді шешу үшін ҚР Конституциясының 53-бабына сәйкес мыналардың құрамында әскери байқаушылар мен штабтық офицерлер ретінде БҰҰ-ның миссияларына қатысатын ҚР Қарулы Күштерінің офицерлерін 40 адамға дейін жіберу туралы ұсыныс енгіземін», - деді Мемлекет басшысы.
Жалпы отырысты ашқан Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин ең алдымен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін БҰҰ-ның миссияларына қатысу үшін жіберу туралы ұсыныстары қаралатындығын мәлім етті.
«Құрметті әріптестер! ҚР Конституциясының 53-бабы 5-тармақшасына сәйкес Президент ұсынысы бойынша Парламент халықаралық міндеттемелерін орындау үшін республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды», - деп атап өтті. Елбасы ұсынысын ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов жариялады.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел Парламентіне қазақстандық офицерлер жіберілетін БҰҰ миссияларының тізімін ұсынды. ҚР Президенті ҚР Конституциясының 53-бабына сәйкес бірқатар контингенттің құрамында әскери байқаушылар мен штабтық офицерлер ретінде БҰҰ-ның миссияларына қатысатын ҚР Қарулы Күштерінің офицерлерін 40 адамға дейін жіберу туралы ұсыныс енгізген болатын. «Бірінші - БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы миссиясы. Екінші - БҰҰ-ның Кипрдағы бейбітшілікті қолдау жөніндегі қарулы күштері. Үшінші - БҰҰ-ның Үндістандағы және Пәкістандағы әскери байқаушылар тобы. Төртінші - БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері. Бесінші - БҰҰ-ның Батыс Сахарада референдум жүргізу жөніндегі миссиясы», - делінген Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысында. ҚР Парламентінің депутаттары Елбасының бұл ұсынысына толықтай қолдау білдіріп, арнайы Қаулы қабылдады.