Қазақстан • 15 Маусым, 2018

Алматыда қошқар көтеруден жарыс өтті

950 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда қаладағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған «Асыл мұра» бағдарламасының жаңа маусымы басталды, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Алматыда қошқар көтеруден жарыс өтті

Бүгін,  «Ораза айт» мерекесінің бірінші күні  жиналған 3000-нан астам орталық мешіт жамағатты  осы бағдарламаның ашылу салтанатына қатысты. Олар концерттік бағдарлама және акробаттардың өнерін тамашалап қана қоймай, қошқар көтеру, асық ату, бағанаға шығу, арқан тарту, гір көтеру спорт түрлерінен өз күштерін сынап, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Осы жарыстарға қатысушылар жігерлік танытып, әсіресе қошқар көтеруге әуес болды. Барлығы 3 қошқар ойнатылып, соның бірін еркін күрес шебері,  Қазақстан ұлттык құраманың мүшесі Ильяс Жұмай болды. Ол 40 кило салмақты қошқарды 205 рет көтеріп, осы жерде рекорд орнатты.

- Осындай жарысқа бірінші рет қатысып отырмын.Жеңгеніме  қуаныштымын. Одан да көп көтеруге күшім жетер еді, бірақ барлығы бірауыздан жеңісті маған бергендіктен жалғастырудың мәні болмады, –деп Иляс Жұмай өз ойымен бөлісті.

Сондай-ақ, мешітке келушілерге арнайы айт мейрамының мерекелік дастарханы жайылды. Ертең осы бағдарлама аясында мешітке келуші жамағаттар арасында футбол лигасы  басталады. Almaty Arena стадионында өтетін ойындарға барша Алатау ауданы мешіттерінің жамағаттары қатыса алады. Басталуы сағат 09:00-де. Осы лиганың жалпы жүлде қоры 1 млн. теңгені құрайды. Қатысу тегін.

 Дайындаған Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»