Президент • 15 Маусым, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев өнеркәсіп кәсіпорындарының көрмесіне барды

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Татарстан Республикасына жұмыс сапары барысында өнеркәсіп кәсіпорындарының көрмесіне барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Нұрсұлтан Назарбаев өнеркәсіп кәсіпорындарының көрмесіне барды

Қазақстан Президентіне кеме және машина жасау, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібі кешені саласындағы кәсіпорындардың өнімі көрсетілді.

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев экологиялық тұрғыдан таза және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын көлік техникасының үлгілерімен танысты.