14 Желтоқсан, 2011

№ 3 сын-қатер

243 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
  Дербес қарулы күштердің болмауы Тәуелсіз мемлекеттің басты институттарының бірі дербес қарулы күштер болып табылады. Республиканы оның аумақтық тұтастығына қарулы қол сұғушылықтан қазақстандық армия қорғауға тиіс болатын. КСРО тарағаннан кейін елді жайлаған ыдыраушылық мен аласапыран республика аумағында орналасқан әскери бөлімдерде мейілінше тосын зардаптар туындатып, түзелместей қауіпті зардаптарға соқтыруы мүмкін еді. Сондықтан мемлекеттік егемендікке ие болғаннан кейін-ақ бірден біздің еліміз шұғыл түрде өзінің күшті де жауынгерлік қабілетті армиясын құруға кірісті. *** Қазақстан Қарулы Күштері 1992 жылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің №745 Жарлығымен құрылды. Оның құрамына ҚР аумағында орналасқан бөлімдер мен құрамалар кірді. Кеңес Одағынан егемен мемлекетке бұрынғы кеңестік Түркістан әскери округінің саны 200 мыңнан асатын әскери тобы мұраға қалды. Дегенмен, іс жүзінде адамдар барлық жерде де жетіспеді. Офицерлер мен прапорщиктер не армиядан кетіп жатты, не бұрынғы КСРО-ның өзге армияларына ауысты. Офицер кадрлардың тапшылығынан Қазақстан кіші лейтенанттарды қысқа мерзімді әскери қызметтің бір жылынан ғана өткен солдаттар арасынан даярлады. 1990 жылдардың басында ақшалай қамтамасыз ету кешіктіріліп төленді. Бұл кезеңде әскери ведомствоға бюджет қаржыларының әскерлер қолындағы қару-жарақтар мен әскери техниканы жауынгерлік дайындықта ұстап тұруға ғана жететіндей аз ғана бөлігі бөлінді. Осылайша, 1993 жылы ҚР әскери бюджеті, бүгінгі күнмен салыстырғанда, небәрі 8 млрд. теңгені құрады, тек 1994 жылы ғана 10 млрд., 2010 жылы – 170 млрд., 2011 жылы 202 млрд. теңге болды.   Іс жүзінде 1992 жыл ішінде дербес күштік құрылымдар – Қарулы Күштер, Республикалық гвардия, ішкі және шекара әскерлері құрылды. Өзіміздің ұлттық тарихымызда алғаш рет 1993 жылы біз дербес Әскери-теңіз күштерін құруға кірістік. Сол арқылы жас мемлекеттің қорғаныс және қауіпсіздік жүйесін құру аяқталды.

Мемлекет басшысының 1996 жылдың 16 желтоқсанында ҚР Тәуелсіздігінің 5 жылдығына орай сөйлеген сөзінен.

  Әскери қызметшілер қа­та­рын жаңадан толық­ты­ру­шы­лардың отанға адалдыққа ант беру қажеттілігіне байланысты 1992 жылдың 25 тамызында Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің №870 Жарлығымен әс­кери ант мәтіні бекітілді. 1993 жылдың 13 және 19 қаң­тарында «Қазақстан Респуб­ли­касының мемлекеттік шека­ра­сы туралы» және «Жалпыға ортақ әскери міндет және әскери қызмет туралы» заңдар қабылданды. Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің 1993 жылғы 11 ақпандағы №1094 Жар­лығымен Қазақстан Рес­пуб­ликасының алғашқы Әс­ке­ри доктринасы бекітілді, ол мем­лекеттің әскери қауіп­сіз­ді­гін қамтамасыз етудің, соғыс­тар мен қарулы жанжал­дар­дың алдын алудың және әске­ри құрылыстың негіз қалаушы көзқарастарының жүйесін білдірді. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан Қарулы Күш­те­рі­нің ұтымды үш түрлі құ­ры­лы­мы қалыптасты (Құрлықтағы әскерлер, Әуе қорғанысы күш­тері және Әскери-теңіз күш­те­рі). Құрлықтағы әскерлер мен Әскери-теңіз күштері бас ко­ман­дашыларының басқар­ма­сы құрылды. Құрлықтағы әс­кер­лердің өңірлік команда­шы­ларының құрамына («Оң­түс­тік», «Шығыс», «Батыс», «Астана») Қарулы Күштердің әс­кер түрлері ретінде Аэроұтқыр, Ракета әскерлері мен артиллерия енгізілді. Кадрлар даярлаудың отан­дық жүйесі құрылды. Елде ең қысқа мерзімде ҚК үшін әскери оқу орындары ашылды. 1992 жылы Қазақстанда әскери ма­мандарды тек бір әскери училище ғана (Алматы жоғары жалпыәскерлік командалық учи­лище) даярлады. Бүгінде әс­кери мамандар даярлау төрт жоғары әскери оқу орын­дарында жүзеге асырылады (Ұлттық қорғаныс университеті, Құрлықтағы әскерлердің әс­ке­ри институты, Әуе қор­ға­ны­сы күштерінің әскери инс­ти­туты, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік инс­титуты). ҚК-ге кәсіби сержанттар даярлау мақсатында 1996 жылы Кадет корпусы құ­рылды.

Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігін сақтаудан маңызды міндет жоқ. Мемлекеттің аса күрделі жағдайда өзінің қорғаныстық құрылысын жүргізіп, қиындықтарға қарамастан осындай жұмыстарды жалғастыруы – әлдебіреулердің субъективті тілегі емес, ол мәніне біздің ұрпақтарымыз баға беретін қажеттілік.

Мемлекет басшысының

1996 жылғы 16 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігінің 5 жылдығына орай сөйлеген сөзінен.

  Осы жылдарда жауынгерлік дайын­дықты арттыруға үлкен көңіл бөлінді. Әскери дайындыққа бөлінетін шығын­дар­дың артуы практикалық сабақтар мен ұшқыштардың ұшуларының үлесін кө­бей­туге жағдай жасады. Қазір ол ТМД армияларында ең жоғарылардың бірі (май­дан авиациясында – 87 сағ., ар­миялық авиацияда – 72 сағ., әскери-көлік авиациясында – 138 сағ.), жүргізуші-механиктердің машықтануы жылына 160 км.-ға дейін ұлғайтылып, практикалық атулар жиілігі көбейтілді. Мобрезервті шақыру және даярлау жүйесі жетілдірілді. Жасақтау аралас принцип бойынша (шақыру және келісім-шарт бойынша) кәсіби әскерилер үлесіне басымдық беріле отырып (келісім-шарт бойынша әскери қызметшілердің шақырылған әскер қызметшілерге ара-қатынасы 35-ке 65 пайыз шамасында тұрақтандырылады) жүзеге асырылады. Әскери қызметшілерді ақшалай қамтамасыз ету тұрақты түрде артты­ры­лып келеді. Ол бүгінде ҰҚШҰ-ға қа­ты­сушы елдер ішінде ең жоғары­лардың бірі. 2007 жылы әскери қызметшілерді ақ­ша­лай қамтамасыз ету 30 пайызға, 2009-2010 жылдары – 25 пайызға, 2011 жылы 30 пайызға ұлғайтылды, солдат және сержант лауазымында келісім-шарт бойын­ша жүрген әскери қызметшілердің клас­тық біліктілігіне үстеме өсірілді. Әскери шен үшін төленетін жалақыларға диф­фе­ренцияландырылған көзқарас енгізілді. Осылайша, егер 1995 жылы лейтенант шеніндегі взвод командирі 7 мың теңге алса, 2011 жылы ол 114 мың теңге алады. *** Әскери құрылыс саласында жүзеге асырылған іс-шаралар кешені құрамы мен құрылымы бойынша қазіргі заманғы соғыс қимылдарын жүргізу жағдай­лары­на бейімделген ұтымды Қарулы Күш­терді құруға жағдай жасады. Қазіргі заманғы қазақстандық армия Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуел­сіз­ді­гі мен аумақтық тұтастығын қорғаудың сенімді кепілі болып табылады.