Медицина • 25 Маусым, 2018

Білікті имамға зәрулік бар

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде Алматы облысында 438 мешіт имандылық мекені болып, мүміндерге есігін айқара ашқан. Бұл деректер Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дар­хан Калетаевтың Алматы облысына жасаған жұмыс сапары барысында мәлім болды. 

Білікті имамға зәрулік бар

Министр облыс әкімі Амандық Баталовпен бірге облыстық дін істері басқар­масының жанынан ашылған орталықтардың жұмысымен танысты. Ашыл­ғанына көп болмаған дін сала­сын­дағы мәселелерді зерттеу орталығы мен діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы қазіргі таңда өзек­ті жұмыс атқарып отыр. Әсіресе деструктивті ағым ұста­ну­шы­ларымен жеке жұмыс жүр­гізу­дің арқасында теріс діни ағым жетегінде жүрген жас­тардың көзқарасын өзгертіп, қалыпты өмірге оралтуға қол жетті.

Министр сапарына орай облыс әкімі Амандық Баталов өңірде дін саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Өңірде конфессияаралық тұрақ­тылық пен келісімді сақ­тау бағытында нәтижелі жұмыс жүргізілуде. Ал өзекті мәселе ретінде имамдардың білі­мін жетілдіру мен кадрлық мәсе­лелерді шешу жайы айтылды.

Есеп бойынша тіркелген мешіттердегі 533 имамның жүз елу төртінде ғана жоғары діни білім бар. Ал 88 дін қызметкері медресе бітірген болса, арнайы оқыту курс­тарынан өткендердің саны – 219. Сондай-ақ орта білімді 71 имам уағыз айтып жүр. Жалпы өңірде дін мамандарына деген сұраныс бар. Қазір облыстағы 11 мешітке имам жетіспейді екен.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы