Бизнес • 23 Қаңтар, 2017

Мұнай нарығы: Аптаның маңызды оқиғалары

2058 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жұма күні нарықтағы мұнай бағасы сәл көтерілді. Оған себеп экспорттаушы елдердің ОПЕК+ келісімі бойынша қысқартылуы тиіс көлемнің ойдағыдай сақталуы, деп жазады investing басылымы.

Мұнай нарығы: Аптаның маңызды оқиғалары

Өткен аптаның соңғы сауда күнінде Лондон қор биржасында наурызға арналған мұнай фьючерсі 55,45 долларға дейін қымбаттады. Ал жалпы апта ішіндегі қымбаттау деңгейі шамамен 0,04 долларды құрайды.

Сонымен қатар Давоста Сауд Арабиясының энергетика министрі Халид әл-Фалихтың жасаған баяндамасы да қара алтын бағасына оң әсер етті. Ол қазірдің өзінде әлем бойынша тәулігіне өндіріс көлемінің 1,5 млн баррельге азайғанын айтқан болатын. Нәтижесінде нарықтағы жағдай тұрақтала бастады.

Дегенмен, АҚШ-тың бұрғылау құрылғыларының саны туралы жаңартылған мәліметтен кейін баға қайта құбыла бастады.

Осы аптада мұнай бағасына әсер етуші негізгі факторлар АҚШ-тан жететін мәліметтерге байланысты болмақ.

Сейсенбі күні Халықаралық энергетика агенттігі АҚШ мұнайының экспорт көлемін жариялайды.

Ал сәрсенбі күні АҚШ Энергетика министрлігі елдегі мұнай мен жанармай көлемі туралы жаңалықпен бөліседі.

Бейсенбі күні АҚШ табиғи газ қорының көлемі белгілі болса, жұмада Baker Hughes компаниясы АҚШ-та жұмыс істеп тұрған бұрғылау құрылғыларының санын жариялайды.