Күрес • 10 Шілде, 2018

Дзюдодан Еуропа кубогына Қазақстан атынан 12 балуан қатысады

89 реткөрсетілді

Алдағы демалыс күндері Германияның Саарбрюккен қаласында дзюдодан Еуропа кубогы жолындағы жарыстың жалауы желбірейді. 30 дан аса мемлекет өкілдері бас қосатын байрақты бәсекеде Қазақ елі намысын 12 балуан қорғайды.

2020 жылы Токиода алауы тұтанатын Олимпия ойындарына қатысу үшін ұпайлар берілетін турнирлер қазіргі кезде үздіксіз өтуде. Солардың бірі – Саарбрюккендегі жарыс. Әлемдік рейтингтегі жағдайларын жақсарту үшін еліміздің 12 өрені таяу күндері неміс жеріне аттанады. Олар – Ғұмар Қырғызбаев (66 кило), Елдос Жұмақанов (73 кило), Жансай Смағұлов (73 кило), Дидар Хамза (81 кило), Бекәділ Шаймерденов (81 кило), Әзиз Қалқаманұлы (90 кило), Ислам Бозбаев (100 кило), Айбек Серікбаев (100 кило), Әділхан Қозыбаев (100 кило), Виктор Демьяненко (+100 кило), Санжар Жабборов (+100 кило) және Ерасыл Қажыбаев (+100 кг).

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Әдеби өлкетану» - жаңа жоба

Аймақтар • Бүгін, 09:30

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • Кеше

Ұқсас жаңалықтар