Бокс • 10 Шілде, 2018

Қазақстандық боксшылар Германияда тоғыз медаль иеленді

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияның Франкфурт қаласында өткен «Браденбург кубогы 2018» халықаралық турнирінде бокстан еліміздің жастар құрамасы табысты өнер көрсетті.

Қазақстандық боксшылар Германияда тоғыз медаль иеленді

Осымен 23-мәрте ұйымдастырылып отырған дәстүрлі турнирде бәсі биіктен көрінген боксшыларымыз 9 медаль еншілеп, командалық есепте көш бастады. Атап айтар болсақ, Махмуд Сабырхан (49 кило), Бейбарыс Жексен (56 кило), Рахат Сейітжан (60 кило), Талғат Шайкен (64 кило), Сағындық Тоғамбай (81 кило), Айбек Оралбай (91 кило), Дамир Тойбай (+91 кило) қарсылас шақ келтірмей алтын тұғырдан көрінсе, Ермахан Жакпеков (69 кило) күміс медальға,  ал Нұрбек Оралбай (75 кило) қола медальға қол жеткізді.

Тағы да бір қуанышты жайт, өз салмағында атой салған Айбек Оралбай (91 кило) жарыстың ең үздік боксшысы атанды. Жарыс жолында чехиялық Даниел Никустак, австриялық Ахмет Хагак және ресейлік Данил Дубровскийды бас көтертпей ұтқан Айбекті төрешілер бірауыздан турнирдің үздік боксшысы деп таныды.

Командалық есепте екінші және үшінші орындарды Ресей және Англия құрамалары иеленді. Неміс жерінде Ресей әнұраны 2 мәрте шырқалса, ағылшындар 1 алтын медальға иелік етті.

Арман ОКТЯБРЬ,
«Егемен Қазақстан»