Қазақстан • 10 Шілде, 2018

Оқушылар арасында көлік саласы бойынша байқау жарияланды

264 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті – Елбасы Қоры, Әділет министрлігі және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-мен бірлесе оқушылар арасында көлік саласы бойынша байқау жарияланғанын мәлімдеді.

Оқушылар арасында көлік саласы бойынша байқау жарияланды

«Байқау оқушылардың көлік саласына деген қызығушылығын арттыруға және оқушылардың мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауына бағытталған. Байқау алғашқы рет жасөспірімдердің  арасында функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту қажеттілігі аталып өткен Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру аясында  2017 жылы өткізілді. Байқаудың қосалқы ұйымдастырушылары болып Ұлыбританияның ғылым, техника, технология және басқару салаларындағы көшбасшы ЖОО бірі болып табылатын франк-британдық Крэнфилд ғылыми-зерттеу университеті (Ұлыбритания), сондай-ақ Назарбаев университеті табылады. Конкурстың әріптестері ретінде Эйр Астана Ұлттық тасымалдаушысы және «Samruk-Kazyna Trust» КҚ болып табылады», деді Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры Қарлығаш Есенбаева.

Ұйымдастырушылардың сөзіне сүйенсек, байқаудың  қатысушылары ретінде ағылшын тілін жетік білетін, физика-математика және жаратылыстану ғылымдарының саласында олимпиада жеңімпаздары бар, сондай-ақ өздік жобалық жұмыс жасау тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептердің 16-дан 18-ге дейін жас аралығындағы оқушылар қатысады. Командалар облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерімен құрылады.

Айта кететін тағы бір жайт, іріктеу кезеңі 2018 жылы шілденің 24-26 аралығында Астана қаласында өтеді, қорытындылары бойынша ақтық сынға шыққан командалар 19-26 тамыз аралығында Крэнфилд университетіне оқу-танысу сапарына аттандырылады.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»