Үкімет • 11 Шілде, 2018

Үкімет басшысы Швейцарияның федералдық кеңесшісімен кездесті

458 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Швейцарияның федералдық кеңесшісі және экономика, білім беру және зерттеулер федералды департаментінің басшысы Йоханн Шнайдер-Амманмен кездесу өткізді.

Үкімет басшысы Швейцарияның федералдық кеңесшісімен кездесті

Кездесу барысында сауда-экономикалық қарым-қатынасты одан әрі нығайту, инвестициялық әріптестік және аймақаралық өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша бірлескен жобалардың перспективасы талқыланды.

Б. Сағынтаев еліміздің энергетика, көлік, шағын және орта бизнес салаларындағы тығыз әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа, сондай-ақ жаңа технологиялар мен ноу-хау трансфертін реттеуге қызығушылық танытатынын атап өтті. Бүгінгі таңда Қазақстанда швейцариялық компаниялардың қатысуымен машина жасау, құрылыс, агроөнеркәсіп және тау-кен металлургия кешендері салаларында жобалар сәтті іске асырылуда.

Сонымен қатар Премьер-Министр ҚР-да шетелдік инвесторлар үшін елеулі салықтық және кедендік жеңілдіктермен қолайлы инвестициялық ахуал жасалғанын айтты. 2017 жылдың басынан бері Швейцария азаматтары үшін 30 күндік визасыз режим енгізілді. Қабылданған шаралар алдағы жылдары Қазақстан экономикасына инвестициялар салып, технологиялар трансфертін жүзеге асырушы Швейцария кәсіпорындарының санын ұлғайтуға жол ашады.Бұған қоса, Б. Сағынтаев Швейцарияның қаржы институттарын «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысына белсене қатысуға шақырды және Швейцария мен Қазақстан халықаралық қаржы құрылымдарының аясында табысты ынтымақтасып, Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк жанындағы бір топтың құрамына кіретінін атап өтті.

2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Швейцария арасындағы тауар айналымы $3,2 млрд құрады (экспорт — $3,1 млрд), бұл 2016 жылға қарағанда 21% артық. 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында тауар айналымы $1,14 млрд құрады (өсім – 95%), экспорт — $1,09 млрд. 2005–2017 жылдары Швейцариядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны $20,6 млрд құрады. 1 мамырдағы жағдай бойынша ҚР-да швейцариялық қатысумен 436 заңды тұлға, бөлімшелер мен өкілдіктер тіркелген