Бизнес • 12 Шілде, 2018

Халықаралық агрофорум инвесторларды ауыл бизнесіне шақырды

408 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Астанадағы «Алтын Орда» бизнес орталығында «Қазақстан және басқа да елдердің ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерінің әлеуеті мен перспективалары» атты халықаралық форум болып өтті.

Халықаралық агрофорум инвесторларды ауыл бизнесіне шақырды

Форумның негізгі мақсаты –  Қазақстан агроөнеркәсібі сала­сында халықаралық ынты­мақ­тастықты кеңейту. Форумды өткізуге бастамашылық жаса­ған «Қазақ елі» халықтық пала­тасы басқармасының төра­ғасы Бақытбек Нұғыман өзінің құттықтау сөзінде еліміз­дің аграрлық секторы – экономи­камыздың қозғаушы күші болып та­бы­латындығын атап көрсетті. Осы­ған байланысты, Елбасы­мыз қазіргі заманауи жетістік­терді қолдана отырып, алдағы бес жыл­да агроөнеркәсіп кешенінің өнім­ділігін  екі жарым есе арт­тыру мақсатын алға қойып отыр. Нәтижесінде ауыл шаруа­шылығы саласындағы кәсіпкер­ліктің дамуы арқылы еліміздің дамыған отыз ел қатарына қо­сылуына үлкен жол ашылмақ.

«Біздің «Қазақ елі» халықтық пала­тасы­ның басты мақсатының бірі агроөнеркәсіп кешенінің дамуына жәрдем жасау.  Хал­қы­мыздың басты байлығының бірі, ол – біз­дің жеріміз. Біздің жеріміздей табиғи байлығы мол жерге ие еліміздің әлемнің дамы­ған мем­лекеттеріндегідей өмір сүру деңгейіне жетеріне сеніміміз мол. Сол себепті өз жерімізде өніп шыққан таза азық-түлік­ті тұ­тынып, үлкен өндіріс кешен­дерін тұрғызсақ,  әл-ауқаты жоғары, дені сау ұрпақ тәрбие­лей­тінімізге сенім зор. Осыған орай біз денсаулық саласын да­мытуға да қолғабыс тигізуді өзі­мізге мақсат етіп алдық. Таза өнім – денсаулық кепілі. Ал дені сау, білімді, бәсекеге қа­білетті ұрпақ тәрбиелесек, бұл біздің жарқын болашағы­мыз­ға айналары анық», деді Б.Нұ­ғыман. Ол денсаулық сақтау сала­сындағы шетелдік озық тәжіри­белерге мән берумен қатар халық медицинасының тиімді тұс­тарын да жетілдіре берудің қажет екендігін атап өтті.

«Қазақ елі» халықтық палатасы, «Жібек жолы» сауда палатасы секілді қоғамдық ұйымдардың қолдауымен өткізіліп отырған халықаралық агрофорум қазақ даласының төрі – ару Астананың 20 жылдығымен тұспа-тұс келді. Сондықтан мұнда осы уақыт аралығында Астананың төрткүл дүние көз тіккен көптеген әлемдік және халықаралық форумдардың мекеніне айналғаны да айтылды. Жер-жаһанға Астанадан ақжолтай ақпарат таратылып, бас қаламыздың мәртебесі мен мерейі талай асқақтағаны рас. Қалай болғанда да, осы уақыт өл­шемінің ішінде Қазақстан хал­қының ерен еңбегінің нәти­жесінде Азияның осынау бө­лігінде салтанатты жаңа қаланың бой көтергендігін шетелдерден келген қонақтар таңдай қаға тамсана айтып жатты.

Форумда Л.Н.Гумилов атын­дағы ЕҰУ-дің профессо­ры Ж.Тайбазаров пен Ұлттық банктің тұңғыш төрағасы Ғалым Байна­заров баяндама жасап, келу­ші­лерге Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің даму динамикасы және оған қаражат салған шетелдік инвесторларды қолдаудың заңды тетіктерімен таныстырды.

Басқосу барысында Эко­номикалық ынтымақтастықтың еура­зиялық ұйымы Бас хатшы­сының орынбасары Дже Жан (ҚХР),  «Invictus Trading» дирек­тор­лар кеңесінің төрағасы Крис Йо­хансен,  «Нуро Vorarlber» ком­па­ниясының қызметкері Ольга Хе­никшнабль және басқа­лары сөз сөйлеп, өз ойларымен бөлісті.

Басқосу барысында  бірлескен өндірісті инвестициялаудағы, қазіргі сауда жүйесіндегі, Қазақ­стан­ның барлық аумағындағы аграр­лық сектор дамуына бағыт­талған капиталдың еркін айна­лымындағы ынтымақтастықтың перспективалары қаралды.

Форум жұмысына Еуропа мен Азия құрлық­тарының (Нор­вегия, АҚШ, Италия, Ни­­дер­ланд, Аустрия, Қытай жә­не басқалары)  өздерін Қазақ­стан­ның аграрлық сек­торына қар­жылық қолдаушы ретінде көр­сетіп жүрген жиырмадан ас­там ірі компания­лардың, еліміздің барлық облыстарының аг­ро­өнеркәсіп кешенінің орта жә­не шағын бизнес өкілдері қа­тысты. Сон­дай-ақ елі­міздің мем­­лекет жә­не ғылым қай­рат­керлері, ха­лық­­аралық ұйым­дар­дың, қар­жы институт­тары­­ның, БАҚ пен мемлекеттік емес ұйым­дар­дың өкілдері де шақы­рылып, пікірлерін ортаға салды.

Шараның соңында форумның ұсынысы қабылданып, агро­форумға қатысушы кәсіп­кер­лермен бірлескен меморандумға қол қойылды.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан»