Батыс Қазақстан облысының делегациясы Ұлыбританияда болды

Ауыл шаруашылық саласындағы ынтымақтастықты нығайту үшін Батыс Қазақстан облысының делегациясы Ұлыбританияда болды, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Егемен Қазақстан
12.07.2018 2690
2

Ұлыбританиядағы Қазақстан Елшілігі мен ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің қолдауымен Батыс Қазақстан облысындағы үш ірі компания – «Кублей», «Жайық Ет» және «Батыс-Пауэр» кәсіпорындарының басшылары Ұлыбританияға барды.

Облыс делегациясы 2018 жылғы Астана экономикалық форумы барысында қол қойылған меморандумды жүзеге асырудың тиімді механизмін әзірлеу үшін «Dunbia» компаниясымен келіссөз жүргізді.

Өңір делегациясы компанияның өндірістік нысандарын (сою, орау, өңдеу цехтарын) аралады. «Dunbia» компаниясының бас кеңсесінде ет өңдеудің толық циклі бойынша жобаның іске асырылу барысы талқыланды.

«Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, аграрлық сектор экономиканың жаңа қозғаушы күші болуы керек. Біздің өңір ауыл шаруашылығында, әсіресе мал шаруашылығында үлкен әлеуетке ие. Сондықтан біз сіздермен бірге аймақтың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мақсатында жемісті ынтымақтастық орнатуға ниеттіміз. Бізді қалдықсыз өндіріс технологиясы және ет өнімдерін терең өңдеуді қолдану аясындағы тәжірибеңіз өте қызықтырып отыр», - деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов.

«Dunbia» компаниясы батысқазақстандық кәсіпкерлермен әріптес болуға, маркетинг саласында өз тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін білдірді. Атап айтқанда, компания Қытай, Иран және Таяу Шығыстың нарықтарына қазақстандық етті ілгерілетуді қамтамасыз етуге мүдделі. «Жайык Ет» қазақстандық компаниясының директоры Т.Ескендіров атап өткендей, «Dunbia» сияқты жаһандық компаниялардың қазақстандық жобаларды іске асыруы мен инвестициялауы қазақстандық кәсіпорындардың деңгейін елеулі түрде күшейтіп, басқа шетелдік инвесторлар үшін үлгі бола алады.

Қос тарап өкілдері ауыл шаруашылығын цифрландыру саласын дамыту мақсатында өткен жұмыс сапарын өте жемісті болғанын атап өтті.

Батыс Қазақстан делегациясы «Farm Wizard» компаниясының өндірушіден тұтыну компанияларға өнімнің жеткізілуін қадағалау жүйесімен танысты. Бұл бағдарлама тұтынушыға жануардың (қай үйірден, қай шаруашылықтан екендігін) туғаннан бастап, етінің үстел басына келгенге дейінгі бүкіл өмірін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл жұмыс ауыл шаруашылығын цифрландыру үшін қойылған міндеттерге сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Айта кетсек, «Dunbia» қызыл ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша жетекші компаниялардың бірі, оның ішінде бөлшек және көтерме саудада сиыр еті, қой еті мен шошқа етін өндіру, жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейде тамақтандырумен айналысады. Аталған компанияға Ұлыбритания мен Ирландия елдерінен 25 кәсіпорын кіреді, онда 1 миллионнан астам ірі қара мал және 3 миллионнан астам қой бар. Өндірісте 30 мыңнан астам фермер және 7 мың адам жұмыспен қамтылған. Компанияның әлемнің әртүрлі елдерінде 50-ден астам өкілдігі бар. Кәсіпорын тұрақты экономикалық өсімді көрсете отырып, айналым қаражаты 2 млрд. евроны құрап отыр. «Dunbia» еуропалық нарыққа жоғары сапалы өнім жеткізуші болып табылады, оның ішінде «McDonalds», «Tesko», «Spar», «M&S» ірі сауда желілерімен жұмыс жасайды. Сондай-ақ, компания агроөнеркәсіптік кешенде мамандар дайындайтын еуропалық университеттермен жұмыс істейді, компания үшін гранттар тағайындаумен айналысады. «Dunbia» компаниясы өз өнімдерін жақсарту мақсатында ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді арттыру жұмыстарын белсенді түрде инвестициялайды. Негізгі бағыты тұқымдарды асылдандыру, тұрақтандыру режимі мен рационға арналады.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2019

Салық төлеушілердің 20 миллион теңге өсімпұлы кешірілді

19.02.2019

Сенаторлар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады

19.02.2019

56 ауылды елді мекен сапалы интернетпен қамтылды

19.02.2019

«Сергек» жобасы жол-көлік оқиғаларының санын 15%-ға төмендетті

19.02.2019

Астанада шахматтан Әлем чемпионаты өтеді

19.02.2019

Халық сауалы жауапсыз қалмайды

19.02.2019

Қызылордада алаяқтар азаймай тұр

19.02.2019

Астана әкімдігінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар санының өсу себептері түсіндірілді

19.02.2019

Жеке клиникалардың белсенділігі жоғары

19.02.2019

«Алтын жауынгер» анимациялық фильмі жарыққа шығады

19.02.2019

Оразалы Досбосынов атындағы аудитория ашылды

19.02.2019

Шетелмен әріптестік нығайып келеді

19.02.2019

«Смарт-Астана» қосымшасының жаңа сервистеріне қатысты мәселелер талқыланды

19.02.2019

Дәурен Сүйеукенов: дзюдодан Еуропа кубогінде ел чемпионатындағы есемді қайтардым

19.02.2019

Әлия Юсупова Гран-при кезеңі мен Будапешттегі халықаралық турнирді қорытындылады

19.02.2019

Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев батыр баламен кездесті

19.02.2019

Жер жаһанды шарлаған Мағжан

19.02.2019

Қарағандыда 24 000 жер үйге газ құбыры тартылады

19.02.2019

Абылайхан Жүсіпов Софиядағы турнирдің күміс жүлдегері атанды

19.02.2019

Елбасы «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу