Өнер • 12 Шілде, 2018

Халықаралық сәулетшілер конгресі өтеді

1013 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

16-18 шілде күндері «Тәуелсіздік сарайында» Мәдениет және спорт министрлігі Астана қаласының әкімдігі мен Қазақстан Сәулетшілер одағымен бірлесе Халықаралық сәулетшілер конгресін өткізеді.

Халықаралық сәулетшілер конгресі өтеді

Тәуелсіз Қазақстан тарихында 2018 жыл оның астанасының 20 жылдық мерейтойы мен ерекшеленеді. Бүгінде Елорданың әлеуеті, оның саяси, әлеуметтік-мәдени өмірінің қарқыны, бейбітшілік және келісім орталығы мәртебесі Астанаға тұрғындардың әртүрлі топтары мен әлем елдерінің кәсіби және саяси қауым өкілдерінің назарын аудартуда. Халықаралық сәулетшілер конгресін Қазақстан Републикасының елордасында өткізу Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында орайластырылды. Заманауи дүниежүзілік сәулет өнерінің әлемдік трендтері,оның архитектуралық келбеті Елорданың айшықты ерекшелігі болып табылады, бұл өз кезегінде серпінді дамып жатқан қаланың қайталанбас атмосферасын құрайды. Әлбетте, бұл әлемге әйгілі сәулетшілер мен сәулет өнерінің отандық майталмандарының шығармашылығындағы үндестік нәтижесі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, қазақстандық қоғамды жаңғырту жағдайында астананың, еліміздің қалалары мен елді мекендерінің физикалық және әлеуметтік ортасын одан әрі дамыту мен жетілдіру мәселесі туындап отыр. Өз кезегінде Астана елорда ретінде еліміздің мәдени бет-бейнесін көрсетеді. Астананың Елорда ретіндегі келбеті ғасырлар бойы сақталатындай қалыптастырылып, сәйкесінше оны дамыту үшін ерекше ойластырылған сәулеттік идеялар мен шешімдер қажет. Алайда әлемдік сәулет өнеріндегі жетістіктерге бейімделу ұлттық дәстүрлердің жоғалуына әкелмеуі тиіс.

Конгресстің мақсаты: кәсіби тәжірибе алмасу, әлемдік сәулет өнерінің дамуының концептуалдық-теориялық бағыттарымен және оның негізгі тенденцияларымен танысу; қазақстандық және шетелдік жетекші сәулетшілермен шығармашылық байланыстар орнату; қоғамдағы сананың ашықтығын қалыптастыру–сәулет өнеріндегі ұлттық мәдениеттің үздік дәстүрлерін сақтай отырып, прогрессивті әлемдік тәжірибе мен білімді қабылдау қабілеттілігін  қалыптастыру арқылы заманауи отандық сәулет өнерін дамыту,

Конгресс аясында «Қалалық орта: дәстүрі мен келешегі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференцияда пленарлық отырыс пен 2 панельдік сессия өткізу қарастырылған:

  1. Жаңа қалалар. Жаңа келбет;
  2. Әлеуметтік жобалау. Ауладан бастап қалаға дейін

Конгресс жұмысы  шеңберінде сонымен қатар «Құндылықтарды синтездеу. Жаһандық контекстегі локалдық сәйкестік» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өткізілмек.

Жас сәулетшілер, сонымен бірге студенттер стартап уикенд форматында өткізілетін «Қалалық  орта: «Ақылды» аудан» байқауына қатыса алады.

Конгресс аясында шеберлік сабақтары, шетелдік танымал сәулетшілердің дәрістері, «Ортаны қалыптастыратын  кім?» тақырыбында диалог алаңын өткізу жоспарланған.

Конгресске алыс және жақын шетел сәулетшілері; үкімет пен бизнес өкілдері; еліміздің барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларынан (Астана, Алматы, Шымкент) отандық сәулетшілер; девелоперлер, технологиялық компаниялар, жобалау бюролары, инженер-жобалаушылар; жоғары оқу орындарының сәулет өнері факультетінің студенттері; қала белсенділері, урбанистер, қазіргі заманғы суретшілер; БАҚ өкілдері қатысады.

Соңғы жаңалықтар