Қазақстан • 17 Шілде, 2018

Тәрбие төркіні – мәдениет

1285 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазір еліміз дамудың қарқынды кез­еңіне өтті. Қазақстан Респуб­лика­сы­ның Пре­зиденті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнер­кәсіптік революция жағдайындағы даму­дың жаңа мүмкіндіктері» атты Жол­дауында атап көрсетілгендей, бүгінде әлем төртінші өнеркәсіптік революция дәу­­ірін, технологиялық, экономикалық жә­­не әлеуметтік салалардағы тарих жә­не қарқынды өзгерістер кезеңіне қа­дам басып келеді. 

Тәрбие төркіні – мәдениет

Сондықтан бұл ке­зең жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, ас­қақ армандар мен межелі мақсаттарға жетелейді. Біз алдағы кезеңдерде қа­лай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құ­қық­тарымызды қалай іске асыраты­нымызды, балаларымызды қалай тәр­би­е­лейтінімізді айқындап алуымыз ке­рек. Заман бізден соны талап етеді. Ел­басы бұл Жолдауында да рухани жаң­ғыру бағытын одан әрі жалғастыра бе­ре­тінімізді атап көрсетті. «Ұлттың әлеу­ме­тін арттыру үшін мәдениетіміз бен идео­логиямызды одан әрі дамытуымыз ке­рек» деп алдымызға айқын міндеттер қойды. 

Ұлт болып ұйысу үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды төрге оздыруы­мыз керек. Ұлттық идеяны ұлттық идео­ло­гия­ға айналдыру жолында зиялы қауым өкіл­дері атқарар жұмыс шаш-етектен. Бізге ұлттық құндылықтар мәйегін те­рең меңгерген білікті мамандар қажет. Олар рулық сана деңгейінде ғана ойлап қой­май, тұтас қазақ халқын біріктіретін жа­ңа формациядағы жұмыс тәсілдерін ұсы­нып жатса, қанеки! Біз креативті, жа­ңаша ойлайтын жастарды барынша қолдағанымыз жөн. Қазақстандықтар біртұтас ұлтқа айналуы үшін елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы бірінші кезектегі мақсат болып саналады. Ұлтаралық келісімді сақтау, әрбір ұлт өкілдерінің мәдениетке, тілге, дінге деген көзқарасына құрметпен қарауымыз керек. 

Елбасының Мәңгілік Елдің асыл мұ­раттарын іске асырудың негізгі те­тік­терін айқындайтын «Болашаққа бағ­­дар: рухани жаңғыру» атты бағ­дар­ла­малық мақаласында «Мен қазақ­стан­дықтардың ешқашан бұзылмайтын  екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақ­талмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың да­­муына кедергі болатын өткеннің кер­тертпа тұстарынан бас тарту керек» деп ай­қын да түсінікті міндеттер қой­ғаны бел­­гілі. Сөз жоқ, жаһандану жұт­қын­ша­­ғына жұтылып кетпеу үшін біз ұлт­тық дәстүрлерімізді, тіліміз бен әде­­би­етімізді, мәдениетімізді, қазақы ру­хы­мыз­ды жаңғыртуымыз керек. Біз жаңа Жол­даудан бұрынғы айтылған идеялар мен міндеттердің жалғасын көріп отырмыз.

Қазақстандық мәдениет. Ол қандай бо­луы керек? Әрине бұл ретте ұлттық мә­дениет алға шығады. Бұл ретте ата-ба­баларымыздың ауызекі айтып кеткен өсиет­тері мен мақал-мәтелдері тұнып тұр­­ған тәрбие әрі мәдениет дер едім.  Со­ның ішінде ырымдар мен тыйымдарға да назар аудару керек сияқты. Айталық, қа­­з­ақ «үйге қарай жүгірме», «босағаны ке­р­­ме», «қара орамал тақпа», «ішегіңді тар­т-

па», «шашыңды жайып жүрме» деп жа­­тады. Қарап отырсаңыз, осының бар­лы­­ғы тәрбие. Ал тәрбие төркіні – мә­де­ни­ет.

Есіме мына бір әңгіме түсіп отыр.

Академик Қаныш Сәтбаев кеңес деле­гациясының құрамында Англияға ба­рады. Кеңес делегациясын бір орайлы шақта Англия перемьер-министрі қа­был­дап, қонақасы береді. 

Дастарқан басында премьер-министр Қаныш Сәтбаевқа назар аударып, әзілге ба­лаған болып сұрақ қояды:

– Сәтбаев мырза, айтыңызшы, қазақ­тар­дың барлығы да өзіңіздей сұңғақ бой­лы ма?

– Менің халқым өзімнен әлдеқайда биік, – деп жауап беріпті сонда Қаныш.

Келесі бір сәтте премьер-министр орны­нан тұрып келіп, Қаныш Сәтбаевтың рюм­кесіне демеу лебіз білдіріп, тағы бір ке­леңсіздеу сұрақ қояды.

– Сәтбаев мырза, осы сіз нешінші размерлі бас киім киесіз? – деп сұрапты премьер-министр.

Сәтбаев сәл жымиып, еш іркілместен:

– Премьер мырза, егер сіз екеуміз бас­киім айырбастасақ, екі жағымыз да өкін­бес едік! – деген екен.

Иә, дәл бүгінгі заманда да Сәтбаев си­яқ­ты саңлақтар керек. Қазақтардың мә­де­ниет биігінен көріне алатынын қай жерде де ісімізбен де, сөзімізбен де дә­лел­дей білгеніміз жөн. 

Міне, Елбасының бізге айтып отырған бас­ты идеясы осы. Өркениет өрісінде, жа­һандық ықпалдастық жағдайында қа­зақ өз орнын анықтап алады деген үміт басым.

Осы ретте әлем елдерінің сенімі мен құр­метіне бөленіп, брендке айналған Қазақ­станды осынау биік белестерге шы­ғара білген Елбасының елеулі еңбегін атап өтуіміз керек. Былтыр БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болып ендік. Жыл басында оған төрағалық еттік. Бұл бүкіләлемдік саяси кеңістікте еліміздің тұғырлы орнын айшықтайды.

Қорыта айтқанда, еліміз индус­трия­лық-инновациялық  экономиканы одан әрі тереңдете отырып, әлеуметтік инфра­құ­рылымды салалық жағынан одан әрі дамытып келеді. Бұл өз кезегінде қа­зақ­стандықтардың өмір сүру сапасын жақ­сарта түсуде. Елбасының әлемнің да­мыған 30 мемлекетінің қатарына қос­ылуды басты мақсат ретінде ұсынып отырғаны белгілі. Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында біз ел Президенті Н.Назарбаевтың көрсетіп берген сара жолымен дамудың шынар шыңына шығатынымызға бек сенеміз.

Сабырбек ОЛЖАБАЙ