Қазақстан • 23 Шілде, 2018

Қандастарға қамқорлық

381 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жақында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған делегация Қарақалпақстан астанасы Нөкіс қаласына барып қайт­ты. Қарақалпақтың ұлы шайы­ры Бердақ ескерткішіне гүл қоюдан басталған сапар Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің төрағасы Мұ­са Ерниязовтің қа­былдауына ұласты. Онда өңірлер арасын­дағы экономикалық, мәдени байланыстарды нығайту жолдары талқыланды. Сонымен қатар облыс әкімі Бердібек Сапар­баев пен Қарақалпақстан Рес­пуб­ликасы Министрлер кеңе­сінің төрағасы Қаһарман Сариев 2018-2020 жылдарға арналған өзара ынтымақтастық және сауда-экономика саласы бойынша әріптестік меморандумына қол қойды.

Қандастарға қамқорлық

Сондай-ақ екі ел кәсіпкерлері арасында өткен бизнес-форумда тараптардың мүмкіндіктері барынша сараланып, нақты шара­лар қабылданды. Атап айт­қанда, көршілер Бозойдағы бұрынғы өт­кізу пунктін қайта ашып, жолды жөндеп, Бесқаланың арзан көкөнісін Ақтөбе арқылы Ре­сейге, тіпті әрі қарай Еуропаға шы­ғаруға мүмкіндік алады. Әрі Ақ­төбеден ет, ұн өнімдерін тасиды.

Тәуелсіздік жылдары Ақтөбе облысына көшіп келген 42 920 адамның 36 220-сы Өзбекстаннан, ал оның 90 пайызы Қарақалпақ елінен қоныс аударғандар. Қазір олар өсіп-өніп, 42 260 адамға жетіп отыр. Сапар барысында Бердібек Сапарбаев жергілікті қазақтармен кездесіп, «Нұрлы көш» бағдарламасы туралы жан-жақты баяндады. Ақтөбе облысына көшіп келушілерге барынша қамқорлық көрсетілетінін атап өтті.

Осы ретте Бердібек Машбек­ұлы Қ.Жұбанов атындағы Ақтө­бе мемлекеттік университеті Қа­рақалпақстандағы қандастары­мыздың балаларын оқуға же­ңілдікпен қабылдауға дайын екен­дігін тілге тиек етті. Оқуға қабыл­данған студенттер 1-курста толық­тай оқу ақысын төлеуден босатылады. Қалған курстарды 50% жеңілдікпен оқиды. Сон­дай-ақ қарақалпақстандық түлек­тердің жол шығынын қыс­қар­ту үшін құжаттар Нөкісте қабылданады.

Кездесу соңында Қарақал­пақс­тандағы қазақ ұлттық мәде­ниет орталығына «Ақтөбе – құтты мекен» кітабы, А.Жұбанов туралы кітаптар, «100 жаңа оқулық» аясында шығарылған оқулықтар, танымдық кітаптар сыйға тартылды. Өйткені Қарақалпақстандағы 725 мектептің 171-і қазақ тілінде оқытады. Сапар соңында делегация Нөкістегі Сорша қорымында жатқан қазақтың ұлы ақыны Төлеген Айбергеновтің басына барып, дұға бағыштады.

Базарбай ИМАНОВ,

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Ақтөбе облысы филиалының басшысы

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:00

Рухани тәрбие мектебі

Аймақтар • Бүгін, 09:55

«Ауыл аманатының» шапағаты

Қоғам • Бүгін, 09:50

Қарап тұрсам, дүние... Эссе

Таным • Бүгін, 09:45