Өнер • 23 Шілде, 2018

Соғыс ойыны немесе «фото мылтықпен» атып алынған кадр

333 реткөрсетілді

Сонау балалық шағымыздың ең бір қалтарыстарында қал­ған ойындар кейде құдды бола­ша­ғымызды да бағдарлап бергендей болады да тұрады. Көзін тыр­нап ашқаннан дәрігер болып, ине шаншып ойнайтын заман­дастарымыздың кейбірі шынында да уақыт өте келе талайлардың алғы­сына бөленген сауапты ма­мандық иесіне айналды.

Өмірдің ойынға, ойынның тағдырға әсер ететіні талас тудырмас?! Әсер етеді демекші, «Қыз Жібек» фильмі экранға шыққан кезде ауылдың балалары Төлеген мен Бекежан болып ойнайтыны еске түседі. Біреуі – Төлеген, екіншісі – Бекежан, ортасында Жібек болып кішкентай бір қыз шашы жалбырап, араша сұрап жүгіріп бара жатқан көрініс әлі де көз алдымызда.

Кеше ғана айналдырған 2-3 ақпарат көзінің бірі – теледидарға телміріп отыратын баланы көр­мейтін едік. Қаланың баласы да, даланың баласы да қолы қалт етсе ойын ойнайды. Қараңғы түсіп, қарны ашса да қызыққа тоймай, әке-шешесі шақырған соң әрең үйге қайтатын сол ұрпаққа ойын түрлері туралы айтсаң, әрқайсысы балалық шағына сапар шегіп, терең ойға беріліп, қайтып оралмайтын күндердің сағынышын толғайтыны сөзсіз.

Қызылордалық танымал фототілші Болат Омарәлиевтің фотообъективіне ілінген мына ностальгиялық суретті көріп отырып, қиялыңыз талай қырды шарлайтыны анық. Сәті келіскен кадрдағы ойын балалары бүгінде елуді еңсерген, яки қырықтың қырқасына шыққан кісілер болар. Олар араға жарты ғасырға жуық уақыт салып жарияланған фотодан өздерін тани ма екен?

– Әр заманның өз әні, өз ойыны бар. Біз де бала болып көрдік. Ер балалар көбінесе атыс-шабыс ойындарына бейім. Ұл болғасын көбінесе ертелі-кеш ермегіміз осы соғыс ойыны болып келетін. Мұның бәрі бір жағынан басынан жаугершілік арылмаған халқымыздың жүріп өткен жолы. Сонау замандардан бері, одан кейінгі ұлтазаттық соғысы, азамат соғысы, Ұлы Отан соғысы сол заманның баласының са­на­сында, жүрегінде қалады. Қа­зақ­станның шежіресіне де қара­саң, соғыстан көз ашпаған. Құ­дай­ға шүкір, қазір соғыс ойы­нын ойнап жүрген бала көр­мейсің. 

Ал бұл фотоны шамамен 1975 жылдары түсірсем керек. Келе жатсам, ауылдың жайлауында қиқу салып, шайқасып жатқан балаларды көрдім. Ес білгелі бері еріп келе жатқан таныс көрініс көзіме оттай басылды. Атой салып ойнап жатқан балалардың ішінен өзімді көргендей, өзімді тауып алғандай сәл әсерленіп тұрдым да, мен де көк шөпке жата кетіп, «фото мылтығымды» ала салып, балаларға бағыттап, осы кадрды «атып алдым», дейді тәжірибелі фототілші.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

 

АЛМАТЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Crown Батыс» «Тұлпарға» айналады

Аймақтар • Бүгін, 16:28

Негізгі бағыттар айқындалды

Аймақтар • Бүгін, 15:00

Алматыда қойма өртеніп жатыр

Аймақтар • Бүгін, 09:28

20 жыл аңсаған алтын...

Спорт • Бүгін, 09:25

Сырттанов туралы сыр

Руханият • Бүгін, 09:23

«Алтын аймақ» – Ақмешітте

Руханият • Бүгін, 09:20

«Шаңырақтың» шапағаты

Руханият • Бүгін, 09:13

20 мыңға жуық адамның азабы – жол

Экономика • Бүгін, 09:11

Жұртым деп келген жеткіншектер

Руханият • Бүгін, 09:08

Тағылымы мол кездесу

Аймақтар • Бүгін, 09:03

Бақтың барар жері – ынтымақ

Аймақтар • Бүгін, 08:46

Тырнақалды туындының тың тынысы

Аймақтар • Бүгін, 08:42

Саф өнерге сұраныс жойылмайды

Руханият • Бүгін, 08:40

Әлеуметтік желілер: сөз бен көз

Руханият • Бүгін, 08:39

Аграрлық банк құрылса...

Экономика • Бүгін, 08:30

Жол құрылысына серпін берді

Саясат • Бүгін, 08:27

Ұқсас жаңалықтар