Өнер • 24 Шілде, 2018

Париж ұлттық операсының балеті Астанада тұңғыш рет өнер көрсетеді

53 реткөрсетілді

Шілденің 27-30 аралығында «Астана Операның» Үлкен залы сахнасында атақты Париж ұлттық опера театрының балет труппасы гастрольдік сапар аясында өнер көрсетпек. 

Еуропалық балеттің жарқын жұлдыздары қазақстандық көрерменге Gala de Paris атты бағдарлама ұсынады. «Астана Опера» симфониялық оркестріне маэстро Владимир Ланде (Ресей – АҚШ) жетекшілік етеді.

Гастроль Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Астананың 20 жылдығы аясында өтпек. Сондай-ақ Париж ұлттық операсының 350 жылдығына орайластырылған.

Айта кетейік, Paris Opéra Ballet – XIV Людовик патшаның 1661 жылы Корольдік би академиясы ретінде негізін қалаған Париж операсының ресми ұлттық балет труппасы. Бүгінде ұжымның құрамында 150-ден астам әртіс бар, Париж ұлттық опера театрының көркемдік жетекшісі – Орели Дюпон. Бір жылда труппа 180-нен астам өнер көрсетеді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар