21 Желтоқсан, 2011

Ақпарат шынайылығын қамтамасыз ету және қорғау үшін

575 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Қазақстанда қазіргі кезде кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесі жұмыс істейді, ол жеке кредиттік бюролар арқылы жүзеге асырылады. Олардың негізгі мақсаты – қарыз алушылардың қаржылық міндеттемелері туралы кредиттік тарихты жинау және қалыптастыру. Кредиттік тарихты кейіннен банктер және басқа да кредиттік ұйымдар қарыз алушының тө­лем жасау қабілеттілігін және қаржылық жай-күй­ін бағалау кезінде пайдаланады, бұл негізінен ал­ғанда, қарыз алу мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар қарыз бой­­ын­ша сыйақының мөлшері мен став­касын да айқын­дай­ды. Сондықтан ақпарат­тың шынайылығын қам­та­масыз ету, оның сақ­та­луы мен құпиялылығы кредиттік тарихты қалып­тас­тыру жүйесінің бірінші дә­ре­жедегі мақсаты болуы тиіс. Бұл талаптар «ҚР банк­тер және банк қызметі туралы» және «Қазақстан Рес­­публи­ка­сын­дағы кредиттік бюролар және кредиттік та­рихты қалыптастыру туралы» заңдарда көздел­ген. Кредиттік бюроның негізгі міндеттерінің бірі қа­рыз алу­шы туралы ақпараттың шынайылығын қам­тама­сыз ету болып табылады. Алайда кредиттік тарихты қа­лыптастырудың қолданыстағы жүйе­сі ақпараттың шынайылығын жүз пайыздық деңгейде қамтамасыз етпейді. Бұл мынадай себептер бойынша қиындап отыр: • кредиттік бюроның жекеменшік ұйымдар­мен қызметі кредиттік бюроның деректер базасын­да­ғы ақпаратты меморгандардың деректер базасын­­да­­­ғы ақпаратпен салыстырып тексеру мүмкіндігі жоқ; • шынайы еместікті кредиттік тарих субъек­­ті­­сінің өзі ғана анықтайды. Бірнеше кредиттік бю­роның болуы қарыз алушылардың өзінің кредиттік тарихын қадағалауды қиындатады; • бірыңғай базаның болмауы. Кредиттік бюро басқа бюроларға берілген ақпаратты қайта тексере алмайды және ол үшін жауапкершілік атқармайды. Кредиттік тарихты қалыптастырудың қолда­ныс­­­тағы жүйесінің елеулі кемшілігі – жұмыс істеп тұрған кредиттік бюро санына байланысты оған қа­ты­сушылардың шығындарын ұлғайту. Жүйе ақпа­рат­ты міндетті жеткізушілер (банктер және банк опе­рацияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыра­тын ұйымдар) ақпаратты барлық жұмыс істеп тұрған кредиттік бюроларға беруге міндетті болатындай етіп құрылуы тиіс. Себебі, олардың әр­қайсысында – басқа бюроның жүйесінен айырма­шы­лығы болатын кредиттік тарихты қалыптастыру жөнінде өзінің ақ­па­раттық жүйесі бар ондай жағ­дайда ақпаратты олар­дың әрқайсысы жүйесіне бейімдеуі қажет. Бұл ауқымды капиталды қажет ететін іс. Бірнеше кредиттік бюроның болуы сондай-ақ олардың әрқайсы­сы­нан қарыз алушы туралы есепті сатып алу қажетті­гіне алып келеді. Кредиттік ұйымдардың барлық осы шығыстары қарыз алушыларға аударылады, бұл қарыз құнының қым­баттауына алып келеді. Кредиттік тарихты қалып­тастырудың қолданылып жүрген жүйесінің кемшілігі кредиттік тарихтың деректер базасын жетілдірмеуге, сондай-ақ қаржылық қызмет көрсетуді тұ­тынушылардың құқықтарын бұзуға, кредиттік ұйымдардың қандай да болсын өз пайдасын алу үшін айла-шарғы жасауына алып келеді. Осы проблемаларды шешу мақсатында, ҚР Ұлт­тық Банкі кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізеді. Оның мәні жүйені бір мемлекеттік кредиттік бю­роның (МКБ) және көптеген жеке кредиттік бю­ро­лардың білдіруінде. Осы қағидат бойынша көп­те­ген дамыған елдерде жүйелер құрылған. Осын­дай ұсынымдарды Дүниежүзілік банк те береді. Осы үлгіге сәйкес, МКБ қарыз операция­ла­ры бойынша кредиттік тарихты қалыптастыратын кредиттік тарихтың эталондық деректер база­сы­ның рөлін атқаратын болады. Екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түр­лерін жүзеге асыратын ұйымдардың, басқа креди­т­­­тік ұйымдардың мемлекеттік кредиттік бюроға ақпарат беруі міндетті болады. МКБ деректер ба­засында ақпараттың шынайылығын қамтамасыз ету үшін оған меморгандардың деректер база­ла­рына кіруге рұқсат берілетін болады, бұл шынайы болмау тәуекелін барынша азайтады. Мемлекеттік кредиттік бюроның акционері ҚР Ұлттық Банкі болады. Ұлттық Банк реттеуші ретінде қадағалау өкілеттіктерін жүзеге асыру және кредиттік нарықтың жай-күйін бағалау, сондай-ақ Қазақстанда кредиттік бюроның тех­ни­калық және ақпараттық жүйелерін жақсарту үшін шынайы ақпарат алуға мүдделі, бұл нәтижесінде кредиттік тарихтың сақталуын және құпия­лы­лығын қамтамасыз етеді. МКБ сондай-ақ өз қызметін коммерциялық емес нысанда жүзеге асыратын болады. Бұл кредиттік есептерді сатып алу бойынша қызмет көр­сетулер құнын төмендетуге және соның салда­ры­нан кредит құнын төмендетуге алып келеді. Жеке кредиттік бюроның ақпарат жинауы МКБ-дағы сияқты шек­теу­лі болмайды. Мәселен, егер мемлекет­тік кредиттік бюро кредиттік тарихты қарыз операциялары тура­лы ғана қалыптастыруды жү­зе­ге асыратын болса, онда жеке кредиттік бюро­лар­дың кредиттік тарих субъектісінің барлық қар­жылық міндеттемелері бой­ынша қалыптастыру мүмкіндігі бар. Жеке кредиттік бюроға ақпарат беру ерікті негізде болады. Сондықтан жеке кредиттік бюро толық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін ақпарат жеткізушілердің тізбесін кеңейтуге мүдделі бола­ды. Тиісінше, олардың арасындағы бәсекелестік қа­лыптастырылатын кредиттік тарихтың толық­ты­ғы мен сапасына негізделеді. Жеке кредиттік бюролар арасындағы осындай адал бәсекелестік олардың қызмет көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді. Кредиттік тарихтың сапасын көтеру қарыз алушының қаржылық жай-күйін барабар бағалауға және қарызды аз құнмен алу мүмкіндігін ұлғайтуға себепші болады. Жеке кредиттік бюроға, сондай-ақ МКБ деректер базасына шектеулі кіруге рұқсат берілетін болады. Осылай­ша, ҚР Ұлттық Банкі кредиттік тарихты қалып­тастыру жүйесін дамыту үшін жүргізетін іс-шаралар мемлекеттік және жеке кредиттік бюроның деректер базасындағы ақпа­ратты қорғау, сақтау және құпиялылығы жөніндегі, оның шынайылығы мен толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешеді. –––––––––––––––– RSS        Кредиттік бюро. Ұлттық Банк кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесінің жаңа үлгісін ұсынады TW         Ұлттық Банк Мемлекеттік кредиттік бюро құруға ниет білдіріп отыр