Таным • 26 Шілде, 2018

Ит көйлек

100 реткөрсетілді

Немерем тағы ауырып қалды. Салқын үй, саялы жай болса да әлжуаз.

Қазақтың түгесіліп бара жатқан асыл тұқымды ақбас сиырының ізін індетіп, Зеренді ауданына ісса­парға барғанбыз. Ауылға ене бергенімізде қамшылар жақ қанат­та­ғы бір өңкей жер үйлердің албарында бір топ бала сауырына әлдене байлаған көкшулан, дүрегей төбетті қуалап жүр екен. Шетін көрініске назар аударғанбыз. 

– Ит көйлек қой, – деді Қара­қал­пақстаннан қоныс аудар­ған Мүгілсім апай, – туған елге тәу еткелі дүниеге келген тұңғыш немерем. Ит көйлек деген сөзді естіп пе едіңіздер.

– Естідік. Бірақ...

– Жас сәби аяғын апыл-тапыл басқанда көйлегін шешіп алып, жеңдерін түйіп, ішіне тәтті тоқаш, кәмпит, құрт салады да иттің арқасына байлайды. Содан соң әлгі итті балаларға қуғызады. Қуып жеткені ит арқалаған тәттіден ауыз тимек. Сәбидің бойындағы дерт болса, әлгі итке көшеді деген ұғым бар. Бұрынғының жосығы.

Әлдеқашан ел есінен шыққан көне ырым. Сан ғасыр бойы да­ла­ның даналығын жиған жұрт­тың жорамалы, ғұрпы. Асылы бұ­рын­ғылар бірдеңе білген ғой.

Сәбидің саулығына себі тиер көне ырымды мен де жасасам ба екен?..

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар