Қазақстан • 27 Шілде, 2018

Ауылға бөлінетін несие көбейді

385 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына «ҚазАгро» холдингі 2013 жылдан бері қатысады. 

Ауылға бөлінетін несие көбейді

Бағдарламаның операторлары холдингтің еншілес компаниялары – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасы Жандар Омаров Елбасының бес әлеуметтік бастамасының ішінде шағын несиелеу көлемін ұлғайту бойынша атқарылған жұмыстарды атап өтті.

«Осы тапсырма аясында ауылдық мекендерге баратын шағын несие көлемі 30 млрд-тан 44,7 млрд теңгеге ұл­ғайған. Оның ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» 27,2 млрд теңгені игеруді жоспарлап отыр. Бұрынғы осы бағдарлама бойынша беріл­ген қаражатты ес­кер­сек, биылға жалпы «Еңбек» бағдарламасы арқы­лы 30 млрд теңгеден астам шағын қаржылар бөлінеді деп жоспарланған. Бүгінгі таңда 10 млрд теңге игерілді. Оған 2835 несие берілді. Соның арқасында 3432 адам жұмыспен қам­тылды. Оның ішінде 78 процентті бастапқы жобалар қамтиды. Айта кететін тағы бір жайт, біз биыл­дан бастап «Сыбаға» бағдар­ламасын қайта енгізіп жатырмыз. Бұл бағдарлама бойынша импортталған асыл тұқымды ірі қара және отандық ұсақ мүйізді мал, техника мен жабдықтар сатып алуға 40 млн теңге 15 жылға дейінгі мерзіммен жылдық үстем ақысы суб­си­дия­мен есептегенде 4 процентке дейін түсіріліп берілетін болады. Қазіргі уақытта аталған бағдар­ламаға сұраныс жоға­ры және жүйелі түрде іске асыры­лып жатыр», деді ол.

«Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жеңілдетілген шағын несиелер 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі, мал шаруашылығы сала­сын­­дағы жобаларға және ауыл­шаруашылық коопе­ра­тивтерін құру үшін – 7 жылға дейін, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі – жылына 6 проценттен аспайды. Шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар үшін ауылшаруашылық саласындағы жобаларға шағын несиелердің көлемі 19 млн теңгеге дейінгі соманы құрайды. Ауыл шаруа­­­­­шы­лығына жат­­­­­пай­тын бизнес түрлері үшін 6 млн теңгеге дейінгі не­сие қаражаты бө­лінеді. Несие­лер мал, өсім­дік ша­руа­­­­­­­­шылық­тарына, сон­дай-ақ ауыл­ды жерлер­дегі бизнестің ауыл шаруа­шылығынан тыс түрлеріне берілетін болады.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»