Медицина • 27 Шілде, 2018

Денис Теннің өліміне қатысты үшінші адам ұсталды - Бас прокуратура

1 мин
оқу үшін

Бұған дейін екі қылмыскер ұсталған болатын.

Денис Теннің өліміне қатысты үшінші адам ұсталды - Бас прокуратура

Бас прокурордың орынбасары Марат Аxметжановтың айтуынша, үшінші адам тиісті ақпаратты уақытында жеткізбегені үшін жауапқа тартылып отыр.

«Денис Теннің өлімі бойынша үш адам ұсталды. Үшінші адамның аты-жөнін айтпай-ақ қояйын. Ол тиісті ақпаратты уақытында айтпағаны үшін жауапқа тартылып отыр», деді М.Аxметжанов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетсейік, Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болды.

Соңғы жаңалықтар

Alatau City – инвесторлар назарында

Экономика • Бүгін, 08:00