Аймақтар • 02 Тамыз, 2018

Қызылордада білім гранттарының әділ бөлінуін арнайы топ қадағалайды

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысындағы колледждердегі оқуға қабылдау процессін бақылау үшін емтихан комиссияларының құрамына арнайы мониторингтік топ өкілдері енгізілді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізетін арнайы мониторингтік топтың кезекті отырысында айтылды.

Қызылордада білім гранттарының әділ бөлінуін арнайы топ қадағалайды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Бағдат Ізкеновтың айтуынша «Арнайы мониторингтік топ өкілдері мемлекеттің тапсырысын алатын мемлекеттік және жекеменшік колледждерде оқуға қабылдау үдерісіне толық қадағалайды. Топ мүшелері білім гранттарын заңсыз иелену, оқуға заңсыз қабылдау мен емтихан қабылдауда артықшылықтар көрсету түріндегі жағдайларды анықтау бағытында қоғамдық бақылау жүргізетін болады» - деді.

Бүгінгі таңда облыс бойынша 29 мемлекеттік және жекеменшік колледждердің емтихан қабылдау комиссияларының құрамына облыстық, қалалық және аудандық мониторингтік топ өкілдері арнайы бұйрықпен енгізіліп, өз жұмысын бастап кетті.