22 Желтоқсан, 2011

Азаматтық танытайық

388 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2011 жылы 16 желтоқсанда бол­ған Жаңаөзен оқиғасы – Қазақ­стан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық тарихының соңғы беттеріне дақ түсірді. Өкінішті, әрине... Адам шығыны бар. Аймақты шар­­­пыған бей-берекетсіздік пен тәр­­тіпсіздік көріністері алғашқы күн­­нен-ақ бұқаралық ақпарат құрал­дары мен теледидар арқылы берілді. Осы мәселеге орай Елба­сы­ның ха­лыққа үндеуі жарияланды, қоғам және мемлекет қайрат­кер­лері, жастар пікірлерімен бөлісті. Олар ха­лық­­ты сабырлылыққа ша­қы­рып, сүт­тей ұйыған еліміздің тыныш­ты­ғын бұзуға тырысқан жымысқы күш­­тердің ықпалына түспеуге үндеді. Сырт елдерге осыдан 20 жыл бұ­рын «Қазақ жерінде ұлттық мем­лекет құру өз шешімін тұң­ғыш рет тапты» деп, еңсемізді көтеріп мақ­та­на көтерілген сәтте қазақтың тұ­тас­тығына сызат түсіру – елдігімізге сын. «Алаш» – ежелгі түркі сөзі. «Бауырластар», «қандастар», «туыс­тар» мағынасын береді. Бұл ұғым көне заманда, түркі халықтары бө­лі­не қоймаған қауым кезінде дүниеге келген. «Алаш» немесе «Қазақ» атауының Еуразия кеңістігіндегі түркітілдес халықтардың жадында этноәлеуметтік жаралым тұрғы­сын­да орнығып, осы атау алғаш рет этнонимдік мәнінде Қазақстанның батыс өңірінде қолданылғаны тура­лы тарихи тұжырымдар бар. Маңғыстау облысы – үш жүз­ден астам әулие бабаларымыздың киелі мекені.  Қазақтың жерасты бай­лығы – мұнайымыз қордал­ан­ған жер. Қазақ жерінің асты мен үстіне то­лы табиғи байлық ұлан-ғайыр жердегі азғантай қазаққа жетеді. Тәубе!  Қанағатшыл болайық, ағайын! 16 желтоқсанда болған Жаңа­өзен оқиғасы – «саяси мәде­ние­т­сіздік» көрінісі болды. Бүгінгі бей­­біт заманда өзге емес, өзі­міз­ді өзіміз әшкерелеп, сыртқы саясатта елдің беделін түсіру – «қаны қазаққа» жат қылық. Біздер, Тәуелсіздік тарихын зерт­теуші ғалымдар,  жаңаөзендік бауырларымызды ғасырлар бойы ата-бабамыз армандаған тәуел­сіз­діктің құнын түсірмеуге және елімізде қалыптасқан жағдайда азаматтық танытуға шақырамыз! Қазақ қоғамын құраушы әрбір азамат тәуелсіздік жылдары дү­ние­ге келген ұрпақтың жарқын бо­лашағы үшін бірге қызмет етейік! Мемлекет тарихы институтының жетекші тарихшы-ғалымдары: Б.Аяған, Ж.Қыдырәлина, А.Қашқымбаев,  Ж.Қалиев,  С.Дүйсен, М.Анафинова, А.Ғабдуллина. АСТАНА.