23 Желтоқсан, 2011

Кәсіби біліктілік шыңы

366 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Ел Тәуелсіздігінің 20 жыл­ды­ғы қарсаңында «Казаэронави­га­ция» кә­сі­би дайындық орталы­ғын­да 10 жас әуе диспетчері кә­сіби маман­­дық­та­рының диплом­да­рын алды. Соңғы жылдары 200-ден астам қа­­­зақ­стан­­­дықтар өз елінде осы қы­зық­ты да күрделі, әрі интеллек­туалды маман­дық­қа ие болды. Бұл мамандықты бү­гінде ХХІ ғасыр мамандығы деп те атайды. Ал осыдан бірнеше жыл бұ­рын ғана «әуе лоцманы» маман­­дығын иге­ру үшін жас қазақ­стан­дықтар шет елдерге аттанатын. «Казаэро­­на­вигация» сонау бір өк­пені қыс­қан өтпелі кезеңнің өзінде әуе диспетчерлерін өз елімізде даярлау мүм­кін­дігін ойлас­тырған болатын. Сөй­­тіп, 2004 жы­лы бұл бастама елімізде іс жүзіне асы­рыл­ды. Содан бергі өткен уақыттың ішінде әуе қоз­ғалысына қызмет көрсететін 212 кәсіби маман даярланды. Міне, тағы бір жас толқын мамандар өмірге жолдама алды. Мамандар болғанда қандай! Диплом алғандардың ішінде Мұрат Конгреев, Сергей Калашников, Валерий Гущин және Рустам Саттаров маман­дық бойын­ша негізгі пәндерден үздік баға алса, ағылшын тілі бойынша ИКАО шеңбе­рін­дегі бесінші дәрежеге ие болды. Қалған жастар да оқу­ды жақсы бітіріп, ағылшын тілі бойынша халықаралық авиа­циялық ұйым­дар­дың төр­тін­ші дәрежелі бағасына ие болды. Оқу бітірушілерге дипломдар мен ескерткіш төсбелгілерді тапсыра тұрып, «Ка­з­­­­­аэронавигацияның» бас директоры Сергей Құлназаров олардың еліміздің ай­тулы мерекесі Тәуелсіздіктің 20 жыл­ды­ғында кә­сіби мамандыққа ие болып отыр­ғандарын атап көрсетті. – Еліміз Тәуелсіздігінің және мемле­кеттің ерекше қолдауының арқасында бізде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өс­ке­лең талаптарға сай мықты техника­лық ин­фра­құ­рылым қалыптасты, оған қыз­мет көр­се­тетін кәсіби қызмет орнық­ты. Келесі жылы біз ұлттық аэронави­га­ция жүйесін құруды аяқ­таймыз. Ол тура­лы Монреал қаласында өте­тін ИКАО-ның 12-конфе­рен­циясында мә­­­­­лім­­дейтін бола­мыз. Бүгінгі күн біздің елімізде аэрона­ви­гация жүйесін мемлекет иелігінде қал­ды­ру шешімінің дұрыстығын дәлел­­­­деп отыр. Солай бола тұрса да кәсіпорын өз қар­жы­сы есебінен жұмыс істейді. Бұл ретте бізде ешқандай келеңсіздіктерге жол беріліп көрген жоқ, – деді ол құттықтау сөзінде. Техника қаншалықты сенімді болға­ны­мен адам білімінсіз тиімділік бермейді. Компьютерлендірілген жүйе де, ең озық электроника да білімді де білікті әуе диспетчері болмаса, ұшақтарды дәл белгіленген жерге қондыруға, жүйелі де қауіпсіз ұшу сапарын жалғастыруға мүмкіндік бер­мес еді. Сондықтан да, «Казаэронави­га­ция» кәсіби дайындық орталығы маман­дар­ды оқытуға және қайта даярлауға ерек­ше көңіл бөліп келеді. Авиация ин­дустриясы­ның соңғы кездегі даму үдерісі бұл салада барлық мамандардың ерекше кәсіби даяр­лығын қажет етеді. Егер кешегі Кеңес дәуі­рінде ұшу қызметінен боса­тылған кез келген ұшқыш диспетчер қыз­метін атқара беретін болса, қазір «әуе лоцманы» кәсі­біне ерекше дайындық қа­жет. Ол ерекше техни­калық біліммен қа­тар, компьютерді жан-жақ­ты меңгеруі және ағылшын тілін, авиа­ция­лық фразео­логияларды жетік білуі қажет. Әуе диспетчерлерін даярлайтын оқу орындарына қабылданатын үміткерлердің жоғары білімі, ағылшын тілін білуі, со­ны­мен қатар мықты денсаулығы, берік жүй­ке қабілеттілігі болуы керек. Міне, осы қа­си­ет­­тердің бәрін оқуға қабылданар кезде ар­нау­лы сарапшылар медициналық бай­­қау және тест жасау арқылы жан-жақты зерттейді. Бұл кәсіп күрделі әрі жауапкершілігі зор. Сондықтан оқуға қабыл­данушы­лар­­­дың мық­­ты денсаулығын тексерумен қатар, олар­дың ойға сақтау қабі­леттері және сөй­леу дикциялары да мүлтіксіз тексеріледі. Осы жолы оқу бітіруші үздіктердің қа­тарындағы Валерий Гущин Шәкәрім ат­ындағы Семей мемлекеттік университеті­нің аудармашылар даярлайтын бөлімін тә­мамдаған. Ол ағылшын тілін өте жетік біле тұра әуе диспетчері мамандығын таңдап, оқуын жалғастыруды жөн көрді. – Біздің жұмысымыз қызықты әрі өте күрделі. Өйткені, әуе диспетчерлері онда­ған адамдардың өміріне жауап береді, – дейді Ақтөбе әуежайына жолдама алған Валерий Гущин. – Әрине, жаңа технология диспетчер қызметін біршама жеңіл­де­те­ді. Бі­рақ ол ешқашан адам қабілетін ау­ыс­тыра ал­май­ды. Сондықтан бұл маман­дық иелеріне жауапкершілік, өз еркімен шұғыл шешім қабылдай білу және біліктілік өте қажет. Өз еркімен шешім қабылдай білу демекші, «Казаэронавигация» бас дирек­то­ры Сергей Құлназаровтың еске алуынша, осы­дан төрт жыл бұрын Боинг ұшағының бортында орын алған төтенше жағдай кезінде дис­петчердің жоғары жауапкерші­лі­гінің нәти­же­сінде ұшақты Орал әуежай­ына ешқандай апатсыз қондыруға мүмкін бол­ды. Бұл әуе диспетчері Чехияда ерекше дай­ындықтан өткен болатын. Оқиға былай болған. Ұшақ бортында бал ара­ла­рын алып келе жатқан жолаушының нем­құ­райды­лы­ғы­нан, аралар әуе ұшағының тетіктеріне за­қым келтірген. Соның сал­да­рынан жоға­ры температура орын алып, өрт қаупі ту­ындаған. Диспетчер мен ұшақ эки­пажының білікті әрекетінің нәти­жесінде ұшақ апаттан аман қалды. Осы жолы оқу бітірген үздік­тер­дің қа­­тарында Мұрат Конгреев те бар. Ол елі­­міз­дің әуе диспетчерлері отбасы әулетінен шыққан. Мұ­раттың әкесі Жарас Конгреев ширек ғасыр әуежайда диспетчер қыз­метін атқарған. Қазір ол Аста­на­дағы ішкі істер қызметі орталығын басқарады. – Әрине, менің мамандық таң­дауыма әкемнің ықпалы зор бол­ды. Ол көп жылдар бойы әуе диспетчері ретінде мыңдаған адам­­дар­дың өміріне жауапкершілік алған бола­тын. Біз бітірген «Ка­з­аэронавига­ция» кәсіби дайындық орталы­ғы­н­да жан-жақты білім алу үшін бар­­лық жағ­дай жа­­сал­­ған. Түлектерге бүгінгі заман­ның озық тех­но­ло­гия­лары мен тре­на­жер­лары қыз­мет көрсетеді, білікті оқы­тушы­лар дә­ріс береді, дейді Мұрат. Оның әкесі бұрынғы техникалармен қыз­мет атқарған болса, енді Мұрат озық технологияларға негізделген жаңа аспаптармен жұ­­мыс жасайтын болады. Қазір Ақ­тө­бе­де­гі, Алматыдағы, Астанада­ғы әуе­­жай­лар толық автоматтан­дырыл­ған басқа­ру жүйелеріне негізделген. Жұмыс компьютерлік бағдар­ла­малар арқылы жүзеге асыры­ла­ды. Мұрат осы 20 жыл ішінде еліміз тәу­елсіздігінің арқасында «Каз­аэро­навигация» са­ла­сы зор даму жолынан өткендігіне сенімді. Сондықтан ол Астана әуе­жайына кәсіби біліктілігін шыңдай отырып қызмет атқаруға дайын. «Казаэронавигация» бас директоры Сер­­­­гей Құлназаров мамандардың дайын­ды­ғына ерекше мән берілетіндігін атап көрсете келіп, бұл кәсіпорынның ең соң­ғы радио­ло­кация­лық жабдықтармен жа­рақ­тан­­дырыл­ға­нына да байланысты бо­лып отыр­ғандығын ескертеді. Тек соңғы екі жылдың ішінде мұн­да 21 жаңа локатор орнатылған. Бұл бү­гінгі за­ман­ның техни­калары әлемдік стан­дарт­тарға то­лық жауап береді. Бізде орна­тыл­ған қондыр­ғылар уақыттың ең озық үл­гілері болып табы­ла­ды. Мәселен, Қазақ­стан­да тәжіри­бе жүзін­де қолданылып жат­қан жекелеген қон­­дырғыларды Австралия алдағы уақыт­та іс жүзінде қолдану мәсе­лесін ойластыруда. «Казаэронавигация» орталығының жетекшісі Виктор Михайловтың айтуынша, мұнда жоғары білікті нұсқаушылар дәріс береді. Олар негізінен Қазақстанның және шет елдердің осындай алдыңғы қатарлы орталықтарында тәжірибеден өткен. «Казаэронавигация» өз елімізде осын­дай мамандар даярлау туралы дұрыс шешім қабылдағанына сенімді. Қазір Қазақ­­станда барлығы 600-ге жуық авиадиспетчер еңбек етеді. «Казаэронавигация» бас­шы­ларының айтуынша, еліміздің әуежай­ла­­рын­да сапалы қызмет көрсету үшін осы мамандар әзірге жеткілікті. Алайда, «Каз­аэронави­гация» кәсіби дайындық орталы­ғын­да мамандар даярлау алдағы уақытта да жал­ғас­тырылатын болады. Өйткені, елі­міздің ұлан-ғайыр аумағында әуе қызме­ті­нің сапалы деңгейде болуы үшін, ұшақ­тар­дың қауіпсіз қозғалысы үшін жоғары білімді, кәсіби білікті мамандар қажет. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ. Суретте: «Қазаэронавигация» бас директоры Сергей Құлназаров авиадиспетчер Мұрат Конгреевке диплом тапсыруда.