Өнер • 24 Тамыз, 2018

Ұлттық музейде «Шығыс күн­тізбесі» атты көрме ашылды

95 реткөрсетілді

Ұлттық музейде «Шығыс күн­тізбесі» атты Тайвань сурет­шілері­нің графикалық жұмыстарының көрмесі ашылды. 

Тайвань суретшілерінің графи­­­ка­лық жұмыстары бұған дейін Ресей­дің мұражайлары арқылы 2017 жылдың соңында Ново­сібір­де, Иркутск көркем­сурет мұр­а­жайын­д­а, содан кейін Том көр­кем­сурет мұражайында көр­меге ұсыныл­­ған. Бұл көрмеге 12 сим­волдан тұ­ра­тын Тайвань сурет­шілерінің 83 графикалық жұ­мыс­тары  ұсынылып отыр. 

Тайвань Ұлттық бейнелеу өнері мұражайында жыл сайын жыл басы бейнеленген суреттер арасында байқау ұйымдастырылады. Шығыс күнтізбесінде 12 таңба бар: егеуқұйрық, бұқа, жолбарыс, қоян, айдаһар, жылан, жылқы, ешкі, маймыл, тауық, ит, шошқа. 12 жылдық баламалы жануарлар белгілері мен 5 түрлі түсті элемент (жер, металл, су, ағаш, өрт) алпыс жыл­дық цикл­ды құрайды. Соңғы цикл 1960 жылғы 28 қаңтарда басталған. 

Бұл байқау 30 жылдан бері өт­кізі­ліп келеді. Аталған бай­қауға ксилография, литография, шелкография графикала­рын басып шы­ғару үшін бас­па графикасының әр­түрлі әдістемелері бойынша жұ­мыс істейтін шеберлер шақырыла­­ды. Жұмыс заманауи цифрлы технологияларды қолдану арқылы жүзе­ге асырылады. Байқауға қатысу­шылардың жасына ешқандай шектеулер қойылмайды.

Соңғы 33-ші конкурс 2018 – ит жылына арналды. Ит жылы Шығыс күнтізбесінде ең қолайлы жыл болып саналады. Ал 2019 жылы 60 жыл­дық цикл шошқа белгісі­мен қоры­тын­дыланады. «Шығыс күнтізбесі» көрмесі аяқталған­­да бірнеше Тайвань суретшілерінің туын­дылары Ұлттық музейдің қорына табысталмақ.

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Еділ мен Жайық суы араласты

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Ұқсас жаңалықтар