Аймақтар • 24 Тамыз, 2018

Бектас Бекназаров пен Сенат депутаты Абдалы Нұралиев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді

126 реткөрсетілді

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров пен Сенат депутаты Абдалы Нұралиев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келіп, әуелі облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлерімен кездесті. 

Кездесу негізінен құқық қорғау саласына қатысты болған­дықтан, ең басты талап қоғамдық тәртіп екені баса айтылды. Жиын барысында халық қалаулылары департамент қызметкерлері тарапынан қолданыстағы заңға қатысты айтылған ұсыныстарды тыңдады.

Жамбыл өңіріне сапары ба­ры­сында сенаторлар Тараз қала­сын­дағы құқық қорғау қыз­меті ор­талығының жұмысын көрді.

 – Қазір Сенат депутаттары барлық өңірде жүр. Олар облыс­тарда естіген, көрген мәселелерін әрі қарай депутаттық сауалдар арқылы немесе дөңгелек үстелдерде, үлкен жиналыстарда көтеріп, заңнаманы уақыт талабына сәйкестендіруге атсалысады. Қыркүйек айының басында Парламент кезекті сессиясын жалғастырады. Сонда осы айтылған мәселелердің бар­лығы ортаға салынатын болады, – деген Бектас Бекназаров бірқатар мәселеге тоқталды. Сонымен қатар Сенат Төрағасының орын­басары Жамбыл облысы халқы­ның жартысынан көбіне әлі кө­гілдір отын жетпегенін, осы газ мәселесі 2022 жылға дейін шешілуі керектігін айтты. 

Сенаторлардың Жамбыл өңі­рін­дегі жұмыс сапары Тараз қала­сының кәсіпкерлерге қыз­мет көрсету орталығының жұмы­сымен танысумен жалғас­ты. Бұдан кейін халық қалау­лы­лары Байзақ ауданы, Бурыл ауылдық округіндегі «Яшар» шаруа қожалығының егін алқап­тары­ның жұмысымен, Көктал ауы­лындағы «Дулат» шаруа қожа­лығының жұмысымен және осы аудандағы бірқатар ны­санның қызметімен танысты. 

Сенат Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров пен Сенат депутаты Абдалы Нұ­ралиев Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Асқар Мырзахметовпен кездесті. Шағын құрамдағы басқосуда бірқатар өзекті мәселе айтылып, шешу жолдары қарастырылды. Бектас Бекназаров бүгінде Жамбыл өңірінде айтарлықтай жұмыс атқарылып жатқанына тоқталды. Бұл тұрғыда Асқар Мырзахметов сенаторларға облыс үшін маңызды мәселелерді айтты. Жиын соңында өткен ал­ты айда Жамбыл облысын­да ауыл шаруашылығы, өнер­кә­­сіп пен кәсіпкерлік саласын дамы­тудың жол картасы әзі­р­лен­гендігі, мәселе­ні шешу үшін оның арнайы теті­гі қарастырылғандығы жөнін­де айтылды. Бұдан кейін сенатор­лардың Жамбыл облысына жұ­мыс сапары Жамбыл және Жуалы аудандарында жалға­сын тапты. Сенаторлар аудандардағы бірқатар әлеу­меттік-кәсіпкерлік нысанның жұмыстарымен танысты. 

Хамит Есаман,

«Егемен Қазақстан» 

Жамбыл облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Әдеби өлкетану» - жаңа жоба

Аймақтар • Бүгін, 09:30

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • Кеше

Ұқсас жаңалықтар