Медицина • 24 Тамыз, 2018

2022 жылы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметі 90 пайыз онлайн жүзеге асырылады

75 реткөрсетілді

«Жыл санап азаматтар арасында онлайн қызметті насихаттауға күш салудамыз. Орталыққа келмей-ақ үйде, жұмыста отырып қажетті құжаттарын алып немесе басқа да қызметтерді пайдалануға үндеудеміз. Бұл халықтың ұзын-сонар кезекте тұрмауы үшін жасалынып жатқан мүмкіндік. Бүгінде барлық саны 746 қызметтің 60% электронды түрде қол жетімді, жыл соңына дейін 70 пайыз өсіру мүмкіндігі бар, ал 2022 жылы 90 пайыз онлайн қызметке көшу мақсаты тұр, деді Мұрат Жұманбай.

Департамент басшысы қалған 10%- ға қатысты қызметке де түсініктеме берді.

«Азаматтарға арналған үкіметтің адамның қатысуынсыз жүзеге асырылмайтын, белгілі қызмет түрлері бар, ол негізінен шетелге шығу кезінде яғни СІМ-не қатысты құжаттарды реттеумен байланысты», деді ол.

Департамент қызметін онлайн жүйеге ауыстыру халық үшін тиімді болмақ. Тұрғындар қажет құжатты кезексіз алу мүмкіндігіне ие болады.  

«Қазіргі таңда тұрғылықты мекенжай анықтамасы, азаматтардың сотталмағаны туралы және жылжымайтын мүлік туралы анықтама алу сияқты үш қызмет онлайн жүйеде көш бастап тұр деді, М.Жұманбай.  

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Бүгін – жартылай финал

Спорт • Бүгін, 09:44

Ұқсас жаңалықтар