Аймақтар • 24 Тамыз, 2018

Алматыда «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» шарасы өтті

244 реткөрсетілді

Алматы қаласында жаңа оқу жылы қарсаңында басталған «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық шарасы аясында көп балалы отбасыларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетуге барша мектеп ұжымдары жұмыла кіріскен.

Осы орайда 1 тамыз 30 қыркүйек аралығында «Жаңа Ғасыр» №175 гимназия қабырғасында «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» шарасы өтуде.  Жоспарланған  іс-шаралардың уақытында өткізілуін қамтамасыз етуге байланысты іс-шаралар жоспары бекітіліп, ұжым  басшысы мен  ұстаздары  белсенді атсалысуда. Қазіргі кезде «Бірінші сыныпқа бірінші рет», «Бірінші сынып оқушыларына сыйлық» және тағы басқа шаралар қолға алынған.

Әлеуметтік қорғалмаған отбасы балаларына «Angelher» тігін компаниясының мектеп формасы, «Имран» тігін компаниясы спорттық киімдерін тегін алуға мүмкіндік қарастырылған. Әуезов аудандық білім бөлімі де бірінші сыныпқа келетін 20 оқушыға мектепке қажетті құралдар, сөмкелер, орта буын оқушыларына мектеп формаларын таратты.

Әлеуметтік педагог Сымбат Бірімқұлованың айтуынша, оқу жылының алғашқы айында «Жақсылық жасай білейік», «Біз талапты балдырған – үлгі аламыз жақсыдан», «Риясыз жақсылық» тақырыбында оқушылармен түрлі пікір-таластар, сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер өткізу жоспарлануда. Бүгінгі күні сонымен қатар,  гимназияның оқу-тәрбие ісі орынбасарларының жетекшілігімен «Таугүл-3» ықшамауданы аумағындағы компьютерлік клубтарда, ойын-сауық орталықтарында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің кешкі сағат 20:00-ден кейінгі уақытта бей-берекет, қараусыз жүрмеуін алдын алу мақсатында кешкі тексеру шаралары жүргізілуде.  

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Crown Батыс» «Тұлпарға» айналады

Аймақтар • Бүгін, 16:28

Негізгі бағыттар айқындалды

Аймақтар • Бүгін, 15:00

Алматыда қойма өртеніп жатыр

Аймақтар • Бүгін, 09:28

20 жыл аңсаған алтын...

Спорт • Бүгін, 09:25

Сырттанов туралы сыр

Руханият • Бүгін, 09:23

«Алтын аймақ» – Ақмешітте

Руханият • Бүгін, 09:20

«Шаңырақтың» шапағаты

Руханият • Бүгін, 09:13

20 мыңға жуық адамның азабы – жол

Экономика • Бүгін, 09:11

Жұртым деп келген жеткіншектер

Руханият • Бүгін, 09:08

Тағылымы мол кездесу

Аймақтар • Бүгін, 09:03

Бақтың барар жері – ынтымақ

Аймақтар • Бүгін, 08:46

Тырнақалды туындының тың тынысы

Аймақтар • Бүгін, 08:42

Саф өнерге сұраныс жойылмайды

Руханият • Бүгін, 08:40

Әлеуметтік желілер: сөз бен көз

Руханият • Бүгін, 08:39

Аграрлық банк құрылса...

Экономика • Бүгін, 08:30

Жол құрылысына серпін берді

Саясат • Бүгін, 08:27

Ұқсас жаңалықтар