23 Желтоқсан, 2011

Жұртшылықпен тығыз байланыста

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бұдан бұрын хабарлағанымыз­дай, Қазақстан Коммунистік ха­лық­тық партиясының үгіт-наси­хат пойызы жасақталып, ел ара­лау­ға шықты. Оның құрамындағы Парламент Мәжілісі депутат­ты­ғы­нан үміткерлер Владислав Косарев, Жамбыл Ахметбеков, Борис Сорокин және Гауһар Нұғ­ма­нова жер-жерлерде халықпен кездесіп, партияның сайлауалды тұ­ғыр­намасы мен үміткерлердің бағ­дарламасын таныстыруда. Олар үгіт-насихат шараларын Екібас­тұз – Павлодар – Семей – Өске­мен бағытында жүргізетін бола­ды. Екібастұзда олар муници­пал­ды базарды аралап, «Богатырь» ра­зрезінде болды, «Вершина» ЖШС-нің акт залында сайлау­шы­лармен жүздесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Ал Павлодарда осы облысқа қарасты Қы­зылжар елді мекеніндегі құс фаб­ри­касының жарты жылдан бері жа­лақыларын ала алмай, еріксіз ереуілге шығып жатқан жұмыс­шы­ларымен кездесті. Келесі күні Қазақстан Коммунистік ха­лық­тық партиясының үгіт-на­си­хат керуені Владислав Косаревтің бастауымен Семейге аттанады. Қалған хат­шылар Астанаға оралады. Семейдің «Достық үйінде» Вла­дислав Косарев халықпен жүз­де­сіп, келесі күні Өскеменге бара­ды. Бұл жерде үміткер Шемонайха, Бородулиха, Первомайский аудан орталықтарының тұрғын­да­ры­мен қауышады. Оның «Қаз­мы­рыш» АҚ, «Үлбі металлургия зауы­ты» АҚ, Бұқтырма ГЭС-інің және цемент зауытының жұмыс­шы­­лары­мен кездесуі де жос­пар­ланған. Сондай-ақ кеше Астанадағы республикалық штабтан облыс­тар­ға аттанған үгіт-насихат пойы­зы­мен қатар, тағы бір үгіт-наси­хат тобы өз сапарын бастайды. Үгіт тобы Астананың басты көше­ле­рі­мен жүріп, тұрғындарды дауыс күшейткішпен Қазақстан Коммунистік халықтық пар­тия­сына дау­ыс беруге үндейтін бо­лады. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.