Аймақтар • 27 Тамыз, 2018

Қызылордадағы емдеу ұйымдарына 21 млрд 535 млн теңге аударылды

260 реткөрсетілді

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қызмет көрсеткен емдеу ұйымдарына 21 млрд 535 млн теңге аударды.

«Бұл – кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 59 пайызы», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

ТМККК және МӘМС пакеттерінің қаржылық операторы болып саналатын ҚОФ «МСҚ» емдеу мекемелерімен ТМККК пакеті шеңберінде халыққа тегін көмек көрсету жөнінде 95 келісімшарт бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 36 млрд 470 млн теңге.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

120 келі тартатын торпақ көтерді

Аймақтар • Бүгін, 14:31

Ұқсас жаңалықтар