Аймақтар • 27 Тамыз, 2018

Павлодар облысы мәдениет басқармасының басшысы жол апатынан қаза тапты

81 реткөрсетілді

Аққулы ауданы Черное ауылының маңындағы тас жолында жеңіл автомобиль мен жүк көлігі соқтығысып, төрт адам қайтыс болды. Екеуі ауруханаға жеткізілді.

Жеңіл көлікте болған 37 жастағы Павлодар облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райымбеков және оның әйелі мен үш жасар баласы қаза тапты. Көлікте отырған 53 жастағы әйел адам да өмірден озды.

Жол көлік оқиғасы орынынан түрлі жарақаттармен 57 жастағы ер адам мен 27 жастағы әйел адам емханаға жеткізілді. Ақпаратты облыс әкімінің баспасөз қызметінде растап, Ардақ Райымбековтың демалыста болғанын жеткізді. Жедел жәрдем қызметінің мәлімдеуінше, шақыру түнгі сағат 00:14-те түскен. Оқиға орынына бірінші болып Черное ауылының дәрігерлері, Новоямышев және Аққу ауылының жедел жәрдемі жеткен. Полиция жол көлік оқиғасы бойынша қылмыстық істі тергеуде. Барлық сараптамалар тағайындалған.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Бүгін – жартылай финал

Спорт • Бүгін, 09:44

Қаныш мұралары

Аймақтар • Бүгін, 09:13

Ұқсас жаңалықтар