24 Желтоқсан, 2011

Ата Заң арқау болған асқар бел

551 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Конституциялық заңды­лық – құқықтық мемлекеттің және тұлға еркіндігінің негізі» атты ха­лық­аралық ғылыми-практикалық конференция жұ­мысы кеше одан әрі жал­ға­сын тап­ты. Онда еліміздің тәуел­сіз­дік алғалы бергі жиырма жылдық дамуының негізгі жолдары айтылды. Қазақстан мемлекеттілігінің ажыра­мас белгісі ретінде конституциялық заңдылық ре­жімінің қазіргі жай-күйіне және оны қамтамасыз етуде Негізгі Заңның рөлі­не талдау жасал­ды. Өйткені, елдегі конституциялық заңдылық – құ­қық­тық мемлекеттегі Ата Заңның айқын көрсеткіші екендігі анық. Соған орай Парламент Се­натының депутаттары, Конститу­ция­лық Кеңес, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, басқа да мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйым­дар­дың өкілдері қатысқан конференцияда оң тәжірибе алмасылып, бұдан әрі даму жолдары нақтыланды. Тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап еліміз Ата Заңның негізіне сү­йе­ніп, азаматтардың құқы мен бос­тан­дығын қорғауды басты басты мақ­сат етіп келеді. Конституция – мем­лекет өмірі мен қоғам дамуы­ның негізгі мәні мен қайнар көзі. Онда ұлттық қоғамның рухани келбеті мен саяси, мәдени, экономи­ка­лық өрлеуі­нің басты құндылықтары айқындал­ған. Сондықтан ол елімізде қабыл­да­на­тын қалған барлық заң­дар мен құ­қықтық актілердің бас­тау алар, арқа сүйер тірегі бо­лып табылады. Олар­дың бірде біреуі Ата Заң талап­тары­на қайшы келмейді және келуге тиіс емес. Себебі, Негізгі Заңда Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден-бір бас­тауы деп танылған. Ал халық пен мемлекеттің атынан билік жүр­гізуге Президенттің және конс­ти­ту­циялық өкілеттігі шегінде Парла­мент­тің құқығы бар. Консти­ту­ция­дағы Мемлекет басшысының осын­дай құқығы барлығына орай ел Пре­зиденті мемлекеттік биліктің заң шығарушылық, атқарушылық жә­не сот тармағының келісіп жұ­мыс істеуін және өкімет орган­дары­ның халық алдындағы жауапкершілігін қамтама­сыз ететін болғандық­тан өткен жиыр­ма жыл ішінде еліміз бұрын-соңды болмаған биіктерге көтерілді. Осылайша Конституцияның 2-ба­бын­да жазылғандай, Қазақстан Рес­публикасын президенттік басқару ны­санындағы біртұтас мемлекет дегенімізде оның мемлекеттік құрылыс бойынша біртұтас ел болып табыла­тын­дығын айтамыз. Яғни, Қазақстан­ның аумағында автономиялық құры­лымдар жоқ. Республикада бір Президент, бір заң шығарушы орган – Парламент, бір жоғары атқарушы орган – Үкімет, бір жоғарғы сот органы – Жоғарғы Сот, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызмет етеді. Осыған сай Конституция Қа­зақ­стан Республикасының бірыңғай азаматтығын мойындайды. Ал осы екінші баптың екінші тармағына сай еліміздің егемендігі дегеніміз мемлекеттік биліктің жоғары органдары – Президент, Парламент, Үкімет, орта­лық органдар өз құзреттілігі шең­бе­рін­де Қазақстанның бүкіл аума­ғын­да заң күші бар нормативтік актілер қа­былдайтынын білдіреді. Демек, Конституция аумақты тұтас, қол сұ­ғыл­майтын және бөлінбейтін деп таниды. Ғылыми-тәжірибелік жиынға Лат­вия, Тәжікстан, Ресей, Германия ел­дерінің құқықтанушылары мен білікті заңгер-ғалымдары қатысты. Олар Қа­зақстанда конституционализм идея­лары мен принциптерін жүзеге асы­ру­дың қарышты үдерісі жүріп жатыр деген ортақ пікір білдірді. Конс­ти­ту­циялық заңдылық деген ұғым әр ел­дің тұрмыс-салтына, өмірлік ұста­ны­мына қарай сан алуан мағына береді. Адамға деген құрмет оның жеке өмі­рі мен бостандығының қорғалуы қо­ғам дамуының айқын көрінісі. Сон­дықтан да Конституцияға сәйкес мем­лекеттiк билiктiң бiрден-бiр бас­тауы – халық болып табылады. Республика тұрғындарының ертеңгі күн­ге деген сенімі нығая түсуде. Ха­лық­аралық аренадағы, экономикадағы, әлеуметтік-тұрмыстық саладағы қол жеткен оң жетістіктеріміздің барлы­ғы мемлекеттігіміздің сара саясатын айқындап берген Ата Заңымыздан бас­тау алады. Сондықтан да кон­фе­ренцияға қатысушылар Қазақ­стан­да­ғы конституциялық заңдылық, құ­қық­тық мемлекет және бостандық, кон­с­ти­туциялық заңдылық және оны қам­тамасыз етудің жолы мен амал­дары, конституциялық сот – адам құ­қы­ғының кепілі, конституциялық заңды­лықты қам­тамасыз етудегі прокурор­лық қа­да­ғалудың рөлі, адам құқығын қамта­ма­сыз етудегі заңдылықтың әсе­рі, мемлекет тәуелсіздігін нығайту­дағы сот билігінің рөлі, Конституция демо­кратиялық негіздегі әлеуметтік бәсе­ке­лестікті дамытудың кепілі және т.б. мәселелерге тоқталды. Александр ТАСБОЛАТОВ.