Аймақтар • 28 Тамыз, 2018

«Мектепке жол» атты дәстүрлі қайырымдылық іс-шарасы өтті

39 реткөрсетілді

Жаңа оқу жылы қарсаңында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалы бірлесіп «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында «Мектепке жол» атты дәстүрлі қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ директоры, п.ғ.д. Раиса Садвакасова қайырымдылық іс-шарасына қатысушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Елімізде жеткіншектердің сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін барлық жағдай жасалғандығын атап өтті. «Сіздер – тәуелсіз еліміздің болашағысыздар, сондықтан да сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Сол міндетті абыроймен орындап, Қазақстанның айбынын асқақтататын азаматы болу үшін бірінші кезекте жақсы оқыңыздар», – деді Р.Садвакасова.

Сөз кезегінде «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Наиля Ордабаева жиынға қатысушыларды басталуына бірнеше күн қалған жаңа оқу жылымен құттықтап, Әуезов ауданы мектептерінен келген 12 оқушыға рюкзактар мен мектепке қажетті керек-жарақтарын табыстады. Ол өсіп келе жатқан ұрпаққа жан-жақты көмек көрсету және қолдау – «Нұр Отан» партиясының ең басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалы бірлесіп өткізген қайрымдылық іс-шарасы Тәуелсіз Қазақстанның болашақ ұрпағына патриоттық тәрбие беруге бағытталған.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар