Бокс • 28 Тамыз, 2018

Бүгін боксшылардың жартылай финалдық сайыстары өтеді

90 реткөрсетілді

Венгрияның астанасы – Будапеште өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстанның 11 боксшысы жеңіс тұғырына көтерілді. Ал солардың арасынан кімге алтын, кімге күміс пен қола медаль бұйыратыны алдағы күндері анықталады.

Бүгін және ертең жартылай финалдық сайыстар өтеді. Ұлдар арасындағы бәсекеде Махмұд Сабырхан (49 кило) Пуэрто-Риконың өкілі Джон Пауэл Риверамен, Ермахан Жақпеков (69 кило) таиландтық Пирапат Йесунноенмен, Нұрбек Оралбай (75 кило) өзбекстандық Наво Тамасовпен, Сағындық Тоғамбай (81 кило) украиналық Алексей Алферовпен, Айбек Оралбай (91 кило) алжирлік Хасид Мұхамед Әминмен және Дамир Тойбай (+91 кило) мысырлық Ахмед Элсави Авад Элбаспен жұдырықтасады.

Бөріктілердің бәсекесінде жартылай финалға жолдама алған боксшылардың саны жағынан Қазақстан құрамасы тек Ресейден ғана қалып келеді. Жерлестеріміздің арасынан 6 өреніміз сол межеге жетсе, көршілеріміздің 7 жігіті жүлдегерлер санатына қосылды. Сондай-ақ, Өзбекстаннан –3, Англия, Үндістан, Египет, Куба, Украина –2, Пуэрто-Рико, Ирландия, Бразилия, АҚШ, Филиппин, Венгрия, Иордания, Жапония, Беларусь және Алжирден – 1 былғары қолғап шебері сондай құрметке ие болды. 

Бұрымдылар жайында айтар болсақ, бес аруымыз жарысты жалғастыруда. Әнел Құдайберген (48 кило) үндістандық Нитумен, Жансая Әбдіраимова  (51 кило) америкалық Хевен Гарсиямен, Айзада Еслямғали (54 кило), таиландық Поннапа Лапанмен және Гузаль Садықова (81 кило) украиналық Каролина Махномен шебрлік байқасады. Ал аса ауыр салмақ дәрежесінде бақ сынаушылар қатары аз болғандықтан, Дина Исламбекова (+81 кило) бірден финалға жолдама алып отыр. Ақтық сында ол үндістандық Неха Ядав пен украиналық Мария Ловшинска арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен айқасады.

Бұрымдылар жайында айтар болсақ, Үндістан спортшыларының қарқыны өте күшті. Бұл елдің 8 қызы жартылай финалға жетті. Одан кейінгі орында Ресей мен Қазақстан. Көршілеріміз – 6, жерлестеріміз – 5 жолдамаға ие болды. Сонымен қатар, Англияның –4, АҚШ; Укриана, Таиландтың –3, Түркия, Хорватия, Жапония, Бразилия, Венгрия, Германия, Канада және Францияның – 1 боксшысы дәл сол межеге жетті.     

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаны қазақ Виктория

Қоғам • Кеше

Қандастарға қамқорлық

Аймақтар • Кеше

Қытай айнасының құпиясы

Аймақтар • Кеше

Өнер қонған өлке

Аймақтар • Кеше

Тасқа қашалған жыр

Аймақтар • Кеше

Инфляция ырыққа көне ме?

Экономика • Кеше

Алматыда жарық сөніп қалды

Аймақтар • 15 Шілде, 2019

Ұқсас жаңалықтар