Қазақстан • 28 Тамыз, 2018

Есен Елеукен жаңа арнаға басшы болып тағайындалды

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 қыркүйектен бастап ойын-сауықтық «Tamasha tv» телеарнасы эфирге жол тартады.

Есен Елеукен жаңа арнаға басшы болып тағайындалды

«Tamasha tv» телеарнасының эфирі «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ішкі телеөнімімен толықтырылатын болады.

Жаңа телеарнада телерадиокорпорация мұрағатында жылдар бойы сақталған, кезінде көрерменнің көңілінен шыққан танымал ойын-сауықтық бағдарламалар эфирге қайтадан оралатын болады. Бұл телеарна отандық телевизия әлемінде ойын-сауықтық, әзіл-сықақ жанрындағы бағдарламаларды кеңейтуді көздейді.

«Tamasha tv» телеарнасының орташа тәуліктік хабар тарату уақыты 22 сағатты құрайтын болады. «Tamasha tv» телеарнасының директоры боп Есен Елеукен тағайындалды.