24 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1246

284 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
2011 жылғы 31 қазан, Астана, Үкімет Үйі Тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы жыл сайынғы есепті өткізу қағидаларын бекіту туралы «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңы 7-бабының 7-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы жыл сайынғы есепті өткізу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы  №1246 қаулысымен бекітілген

Тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы жыл сайынғы есепті өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қағидалар «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі табиғи монополиялар субъектісінің қызметі туралы жыл сайынғы есепті өткізу тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағидалардың мақсаты тұтынушылар құқығын қорғау жүйесін күшейту, тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады. 3. Тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы жыл сайынғы есеп (бұдан әрі – жыл сайынғы есеп) тыңдау нысанында өткізіледі. 4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын анықтамалар мен терминдер табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген мәндерде қолданылады. 5. Жыл сайынғы есептерді өткізу қағидаттары: 1) жариялылық; 2) табиғи монополия субъектілері қызметінің ашықтығы; 3) тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің теңгерімін сақтау. 6. Жыл сайынғы есеп бойынша алда болатын тыңдау туралы хабарландыруды Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісі аптасына кемінде үш рет шығатын мерзімді баспасөз басылымында, ал Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісі аптасына кемінде үш рет шығатын және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымында он бес жұмыс күнінен кешіктірмей жариялайды және ол: 1) табиғи монополия субъектісінің атауы мен орналасқан жерін; 2) жыл сайынғы есепті өткізу күні мен орнын; 3) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрін қамтуға тиіс. 7. Табиғи монополия субъектісі жыл сайынғы есепті өткізгенге дейін бір ай бұрын уәкілетті органды хабардар етеді. 8. Жыл сайынғы есеп бойынша алда болатын тыңдау туралы хабарландыру жариялағаннан кейін табиғи монополия субъектісі жыл сайынғы есепті өткізгенге дейін тұтынушылар және (немесе) өзге де мүдделі тұлғалардың жазбаша талабы бойынша осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген ақпаратты тиісті сұрату түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады. 9. Табиғи монополиялар субъектісі табиғи монополия субъектісінің жыл сайынғы есебін тыңдауға қатысуға тілек білдіргендердің барлығының тыңдау өтетін орынға кіруін қамтамасыз етеді. Егер тыңдау рұқсаттамалық және басқа да арнайы режимі бар ғимараттарда өткізілген жағдайда, табиғи монополиялар субъектісі хабарландыруда тыңдаушылардың тізімін алдын ала қалыптастыру, оның мерзімі тындау өткізілгенге дейін 24 сағат бұрын аяқталатыны туралы көрсетуге міндетті. Егер есеп демалыс күнінен кейінгі жұмыс күнінде өткізілетін болса, онда есеп күннің екінші жартысында жүргізілуі керек, ал тындаушылар тізімін қалыптастыру жұмыс күнінің бірінші жартысында тыңдау өтетін күні сағат 12.00 дейін аяқталуы керек.

2. Жыл сайынғы есепті өткізу тәртібі

10. Жыл сайынғы есепті тыңдауды табиғи монополия субъектісі өзі белгілеген үй-жайда өткізеді. Табиғи монополия субъектісі тыңдауды есептіден кейінгі жылдың 1 мамырына дейін еткізеді. 11. Жыл сайынғы есепті өткізу үшін табиғи монополия субъектісі басшыларының ішінен тыңдаудың Төрағасы тағайындалады. Тыңдаудың Төрағасы табиғи монополия субъектісі қызметкер­лерінің ішінен хаттама жүргізетін хатшыны тағайындайды. 12. Төраға тағайындалған уақытта тыңдауды ашуға, оның мақсатын және күн тәртібін жариялауға тиіс. 13. Табиғи монополия субъектісінің есебі мынадай: 1) оның ішінде уәкілетті орган бекіткен инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды атқару туралы; 2) есепті кезеңдегі табиғи монополия субъектісі қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы; 3) есепті кезеңдегі ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдері туралы; 4) реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы; 5) есепті кезенде уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметаның әрбір бап бойынша орындалуы туралы; 6) қызметтің перспективасы (даму жоспарлары), оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтері туралы ақпаратты қамтуға тиіс. Өз сөзінде табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну сапасы жөнінде егжей-тегжейлі түсіндірме беруге тиіс. Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалардың алдында есеп беретін табиғи монополия субъектісінің атынан бірінші басшы не бірінші басшының міндеті атқару жүктелген тұлға сөз сөйлеуге тиіс. 14.Тыңдауға қатысушылар қаралып отырған мәселелер бойынша өздерінің көзқарастарын айта алады, сөз сөйлеушілерге сұрақтар қоя алады, өздерінің сөздерінде көмекші материалдарды (плакат­тарды, кестелерді және басқа да) пайдалана алады және хаттамаға жазбаша түрдегі сөзін қоса бере алады. 15. Тыңдауға қатысушылардың айтылған пікірлері ұсынымдық сипатта болады. 16. Тыңдауды өткізу кезінде тәртіп бұзған тұлғаға тыңдау Төрағасы ескерту жасайды. 17. Тыңдаудың Төрағасы қорытынды шығарады және тыңдауды жабады. 18. Тыңдауды өткізу процесінде хаттама жасалады. Хаттама осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген ақпаратты, сондай-ақ тыңдаудың басталатын және аяқталатын уақыты, сөз сөйлегендердің аты-жөндері туралы мәліметті және сөйлеген сөздерінің қысқаша мазмұнын қамтуға тиіс. Барлық хаттамалар нөмірленеді және жеке папкаға тігіледі. 19. Тыңдау хаттамасының көшірмесі тыңдау өткізілгеннен кейін үш күн ішінде уәкілетті органға ұсынылады. 20. Тыңдаудың хаттамасы тыңдау өткізілген күннен бастап үш жыл ішінде тыңдауды өткізген табиғи монополия субъектісінің мұрағатында сақталуға тиіс.