Автобус 25 ресейлік саяхатшыны Белек қаласынан аэропортқа әкеле жатқан жолда апатқа ұшыраған. Жедел-жәрдем қызметімен ауруханаға түскен 13 туристің 12-сінің жағдайы жақсарып ауруханадан шығарылды. Ал мұрын жарақатымен түскен бір азамат әлі медициналық мекемеде. Денсаулық жағдайына байланысты оған операция жасалуы мүмкін. Ауруханадан шығарылған туристер қонақүйлерге орналастырылды.