Әлем • 01 Қыркүйек, 2018

Алжирде тырысқақ ауруына шалдыққандардың саны 74-ке жетті

480 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алжирде 74 адам тырысқақ ауруына шалдықты. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Алжирде тырысқақ ауруына шалдыққандардың саны 74-ке жетті

Бұдан бұрын Алжир астанасынан 60 шақырым қашықта орналасқан Блида провинциясында 56 адамының тырысқаққа шалдығып, екеуінің қайтыс болғаны хабарланған болатын.

Елдің білім министрі Нурия Бенгебрит аталған жағдайдың жаңа оқу жылына кедергі болмайтынын мәлімдеді.