Футбол • 03 Қыркүйек, 2018

Чемпиондар лигасы. Топтық кезеңнен не күтеміз?

106 реткөрсетілді

Өткен аптада Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі өтті. Кәрі құрлықтың 32 мықты командасы топтық кезеңдегі қарсыластырын анықтап алды. Сонымен, 8 топқа бөлінген ұжымдардың ішінде осал топ пен «ажал» тобы қайсысы екеніне тоқталып өтсек.

Ең алдымен көзге «В» тобы түседі. «Барселона» мен «Тоттенхэм», одан қала берсе миландық «Интер» үшеуі де жоғарғы деңгейдің клубтары. Ал нидерландылық ПСВны да есептен ерте шығаруға болмас. Тартысы қызу топ болғалы тұр.

Көршілес «С» тобында да жағдай шиеленісері ғажап емес. ПСЖ, «Наполи» «Ливерпуль» үштігі «Црвена Звездаға» адым аштырмайды. Бірақ, келесі кезеңге тек екі команда өтетінін ескерсек, онда бір азулы команданың топтық кезеңнен әрі аса алмайтыны анық.

«Д» тобын мамандар ең осал топ деп бағалап отыр. Чемпиондар лигасын сағынып қалған «Локомотив», «Порту», «Шальке» және «Галатасарай». Аталған төрт ұжымның төртеуінің де мүмкіндігі бір келкі көрінеді.

«Е» тобында фаворит «Бавария» саналғанымен чемпиондар лигасының кейбір тарихи деректері өзгеше сөйлеп тұр. «Неміс мәшинесінің» «Бенфикада» кеткен есесі бар. Ал АЯКС пен мюнхендік клубтың арасындағы теке тіресте таразы басы тең. 3 рет нидерландиялықтар 3 рет немістер жеңіске жетіпті. Ал грекиялық АЕК топтағы үшінші орыннан дәмелі.

«Ф» тобында Гуардиола баптайтын «Манчестер Ситидің» өзгелерден шоқтығы биік. Алайда, Донецкілік «Шахтердің» де, франциялық «Лионның» да тәжірибиесі толысқан клуб екенін ұмытпауымыз керек. Ал төртінші, осалдар себетінен шыққан «Хоффенхайм» сол осалдар бөлімінде рейтингісі төмен болғасын жүрді. Әйтпесе Бундеслиганың өткен жылғы қола жүлдегері кез-келгеннің апшысын қуыратын ұжым.  

«Рома» және мәскеулік ЦСКА футболшылары Роналдуы жоқ «Реалды» ұталамыз деп желпініп отыр. Ал Криштианудың өзі бұрынғы клубына тағы бір мәрте гол соғатын мүмкіндік алды. «Ювентус» «Манчестер Юнайтедпен» бір топқа түсті. «Валенсия» мен «Янг Ббойзға» қиын болары сөзсіз.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар