Технология • 04 Қыркүйек, 2018

Жапонияға мақсары майы экспортталды

57 реткөрсетілді

Жамбыл облысының Шу ауданындағы экологиялық таза мақсары майын шығаратын «Kaz-Ir AGRO» ЖШС алғаш рет 37 тоннадан астам өнімін Жапонияға жөнелтті. 

Аталған кәсіпорынға «Kazakh Export» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ қарызды сақтандыру жолымен қолдау көрсетіп, екі жүз миллион теңгені кепілдендіріп отыр. Соның нәтижесінде зауыт өнімдерін экспортқа шығаруға мүм­кін­дік туды.

«Kaz-Ir Agro» жауап­кер­шілігі шектеулі серіктестігі осы жылдың маусым айында Күншығыс еліне мақсары майын экспорттау туралы келісімшартқа отырған. Жа­пония елінің мамандары Қазақстанға арнайы келіп, өндірістің сапасын жіті қа­да­ғалап, тексеруден өткізіпті. «Kaz-Ir Agro» ЖШС бас директоры Хамидреза Алина­гиянның айтуынша, зауыт бүгінде тәулігіне 3 тонна мақ­сары майын өндіруге қабі­летті, қыркүйекте қуатын екі есеге арттыру жоспар­ланған. Германиядан әкелін­ген қон­дырғылармен жабдық­талған нысанда 60 адам жұ­мыс істейді. Зауыт салқын­да­тылған сығу технология­сын қолдануымен ерекшеленеді. Бұл мақсары майының құра­мындағы дәрумендер мен пай­далы элементтердің жо­йыл­мауы үшін таптырмас әдіс. Сон­дықтан шет елдерден келе­тін сұраныс жылдан жыл­ға артып отыр.

Компания бүгінгі таңда Ни­дерландқа мақсары ма­йын жет­кізу үшін бір жыл­дық келі­сімшартты жасау жөнін­де келіссөздер жүргізуде. Со­нымен қатар мақсары майы Қытай, Чехия, Жапония, Ре­сей және Өзбекстан елдеріне экс­портталуда.

Еркежан АЙТҚАЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Цифрлы фермалар көбейеді

Қазақстан • Бүгін, 10:03

Жастар жылында жаңалық көп

Аймақтар • Бүгін, 09:59

Жақсының аты өшпейді

Қоғам • Бүгін, 09:56

Жақсының жолы – жарық күн

Қоғам • Бүгін, 09:48

Кененнің кемер белдігі

Қоғам • Бүгін, 09:36

Жанашыр жобалар игілігі

Аймақтар • Бүгін, 09:23

Ұқсас жаңалықтар