Тарих • 04 Қыркүйек, 2018

Оқушылар киелі жерлермен танысты

130 реткөрсетілді

Жазғы демалыста шетпелік жас өрендер киелі орындарға саяхат жасап, елжандылық сезімін нығайтты. Аудандық Жастар орталығы ұйымдастырған саяхатта 15-ке жуық оқушы Есен ата, Қамысбай ата қауымдығына арнайы сапар шекті.

Мазмұны терең іс-шара «Ру­хани жаңғыру» бағдарла­ма­сының «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» бағыты бойынша қолға алынған. Отпан тау кешенінен бастау алған шара мақсаты – Ашықаспан астындағы мұражай атанған өңірдің баламасыз жәдігерлерін көпке насихаттау. Акция үш кезеңнен тұрады. Алғашқысы – Жастар орталығында киелі жерлерге бару жоспарын айқындап алу. Кейінгісі – С.Қондыбай облыстық мұражайын аралау. Соңғы бөлімі белсенді жас­тардың киелі орындарға барып, зиярат етуімен түйінделеді.

Маңғыстаудың қай жеріне барсаңыз да кие қонып, қасиет дарыған. Алақандай Шетпенің айналасында Балажан ана, Қамысбай ата, Есен ата сынды әрі туристік, әрі рухани ор­далар бар. Жастар бірінші және екінші кезеңді аяқтап бол­ған соң, жоғарыда аталған тарихи орындарды «Жасыл ел» еңбек жасақшылары мен жастары болып аралады.

Бүгінгі жастар – ертеңгі бола­шағымыз. Біз жастарды осындай тарихи орындарды аралатуға әкеліп, олардың бо­йында патриоттық тәрбиені нығайтып отырмыз деп айта аламыз. Акция құрамы «Жа­сыл ел» мүшелері, жастар үйір­месі өкілдері және студенттер­ден құралды. Көпшілігі ал­ғаш рет Ашықаспан астында орналасқан жәдігерлерді аралап, тарихымен етене та­нысуға мүмкіндік алды. Сон­дай-ақ жас суретшілер өз көзі­мен көрген көріністерді суретке түсірді. Туған өлкесін та­нуға келген оқушылар ұйымдастырушылар алқасына дән риза. Жеткіншектер ішінде мұндай орындарды бұрын-соңды көрмегендері де бар. Сон­дықтан алған әсерлерін сөзбен жеткізе алар емес. Қайы­рымды істің Алладан қайыры болады. Мұндай саяхаттар оқу­шылардың патриоттық сезі­мін нығайтып қана қоймай, үлге­рімі нашар шәкірттердің ілім-білімге деген қарым-қабі­летін ашады. Біздің басты мақ­сатымыз – оқушыларды жақсы оқуға тәрбиелеу. Біз қа­шанда бәрін қолдауға дайынбыз», дейді «Жасыл ел» еңбек жасағының үйлестірушісі Қа­лам­пыр Төлегенқызы.

«Киелі жерлерді таныту біздің ортақ парызымыз». Осы­лай деген ұйымдас­ты­ру­шылар қашанда білімді жас­тар мен туған жерін сүйетін патриоттарды қолдауға дайын. Сондықтан да бүгінгідей шараны алдағы уақытта дәстүрге айналдырмақ ниетте.

Гүлсім НҰРМАҒАНБЕТОВА,

Жастар орталығының маманы

Маңғыстау облысы,

Маңғыстау ауданы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Бірге барайық: Тегін тігін курсы

Қазақстан • Бүгін, 16:11

Ораза кестесі 2019

Қазақстан • Бүгін, 15:10

Жайбарақаттық жарға жықты

Қоғам • Бүгін, 10:34

Екі тал үкі

Бүгін, 10:26

Жастар театрының сәтті сапары

Руханият • Бүгін, 10:20

Áke kerek... uldarǵa

Қоғам • Бүгін, 10:10

Ұқсас жаңалықтар