Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2018

Жоғары технологиялы медициналық қызмет

186 реткөрсетілді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Астана қаласы бойынша филиалы жыл басынан бері жоғары технологиялық медициналық қызметтер үшін 13,3 млрд теңге төледі. Төлем көлемі аталған қызметтерді көрсететін астаналық медицина қызметтерін жеткізушілердің жылдық қаржыландыру жоспарының 61%-ін құрайды.

Стационарлық және стационаралмастырушы ЖТМҚ пациенттер үшін жергілікті және республикалық деңгей­дегі медициналық мекемелерде ұсынылады. Бұл қызмет­тер кепілдендірілген тегін меди­циналық қызметтер көле­міне кіреді. Осылайша, егер адам сырқаттанып қалған жағ­дай­да, қымбат тұратын техно­ло­гиялық диагностика мен емді қажет ететін болса, онда ол тұр­ғылықты жеріне қарамас­тан мемлекет есебінен керек меди­циналық көмекті ала алады.

Квота – мемлекет есебінен қымбат процедураларды, жаб­дық­тар мен басқа да меди­цина­лық көмекті қолдануды қажет ететін диагностика мен емге кепіл беретін құжат. Жоғары технологиялық медициналық қызмет шеңберінде көптеген күрделі есту қабілетін жақсар­татын операциялар, кох­леар­лы имплантация, трансплан­то­логиялық операциялар, лапа­роскопиялық және микро­хи­рургиялық операциялар, буын­дарды алмастыру, кардио­хи­р­ур­­гиялық операциялар және тағы да басқалары жасалады, – деді ӘМСҚ Астана қаласы бо­йынша филиалы директорының орынбасары А.Амангелдиев.

Квота бойынша ауруха­наға жатқызу жоспарлы түрде жасалады. Жоғары технология­лық медициналық қызмет­терді көрсетуге жолдаманы жер­гілікті деңгейдегі емхана­ның не­месе аурухананың маманы береді. Жолдама госпита­лиза­циялар бюросының порталында науқастың таңда­ған медициналық ұйымын есепке ала отырып тіркеледі. Егер де жергілікті жерде  ЖТМҚ-пен қамтамасыз ету мүм­кін­дігі болмаса, онда науқас­ты жос­­парлы түрде аурухана­ға жатқызу мәселесін республи­калық деңгейдегі комиссия қарастырады.

– Квота алу үшін науқас алдымен тұрғылықты жеріндегі учаскелік дәрігерге жүгінуі керек. Содан кейін ол салалық мамандардың қабылдануына барады. Консультация мен са­рап­тамадан өткеннен кейін пациент нұсқау бойынша ста­ционарлық емге жібері­леді. Науқастың жолдамасы портал­ға тіркеледі, науқасты ауру­ханаға жатқызу күні қосымша хабарланады, – деп түсіндірді А.Амангелдиев.

МӘМС бірыңғай ұлттық ден­саулық сақтау жүйесінің бөлігі және екі негізгі қағиданы қамтамасыз етуге арналған: пациентке  медициналық ұйымды еркін таңдау мүмкіндігін беру және жоспарлы госпитализация кезінде ұсынылатын медициналық қызметтермен қамтамасыз ету. Естеріңізге са­ла кетейік, міндетті медици­на­лық сақтандыру жүйесін ен­гізу 2020 жылға дейін шеге­ріл­ді.

«Егемен-ақпарат»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Cафлор көлемі артып келеді

Аймақтар • Бүгін, 15:30

Жаны қазақ Виктория

Қоғам • Бүгін, 12:08

Қандастарға қамқорлық

Аймақтар • Бүгін, 10:00

Қытай айнасының құпиясы

Аймақтар • Бүгін, 09:55

Өнер қонған өлке

Аймақтар • Бүгін, 09:48

Музей жаңа залдармен толықты

Руханият • Бүгін, 09:20

Тасқа қашалған жыр

Аймақтар • Бүгін, 09:04

Инфляция ырыққа көне ме?

Экономика • Бүгін, 08:58

Ұқсас жаңалықтар