Хоккей • 04 Қыркүйек, 2018

«Торпедо» хоккейшілері металлургтердің жұмысымен танысты

60 реткөрсетілді

Өскемендік «Торпедо» хоккей командасының мүшелері клубтың тұрақты демеушілерінің бірі әрі өңірдегі ірі өндіріс орны «Қазцинк» ЖШС-не экскурсия жасап, кәсіпорынның жұмысымен етене танысып қайтты. 

«Команда ойыншылары алпауыт зауытқа барсақ, қазцинктіктердің қалай жұмыс істейтінін, металлды қалай өңдейтінін көрсек деп өтініш білдірді. Компания біздің өтінішімізді құп алып, спортшылар мен бапкерлерге тамаша экскурсия ұйымдастырды», - дейді «Торпедо» хоккей клубының президенті Николай Проскурин.

Экскурсия кәсіпорынның тарихы мен бүгінінен сыр шертетін музейді аралаудан басталды. Хоккейшілерге музей тарихы туралы «Қазцинк» ЖШС-нің әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев әңгімелеп берді. «Негізінде металлургтер мен хоккейшілердің жұмысы ұқсайды. Өйткені, олар үздік нәтижеге жету үшін бірлесе, яғни командамен жұдырықтай жұмылып жұмыс істейді. Сондықтан хоккейшілердің өндіріс орнының тыныс-тіршілігін көруге қызығушылық танытқанын түсінуге болады», - дейді ол.

«Торпедо» ойыншылары бұл күні 2011 жылы ашылған мыс балқыту және бағалы металлдарды шығаратын зауыт жұмысымен де танысты. «Бүгін металлургтердің жұмысын біршама біліп қалдық. Металлдардың қалай өндірілетінін көрдік. Сондықтан осындай экскурсия ұйымдастырғаны үшін кәсіпорын басшылығына алғыс білдіреміз», - дейді команданың шабуылшысы Евгений Рымарев.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН   

Суреттерді түсірген Виктор ВОЛОГОДСКИЙ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар