Видео • 04 Қыркүйек, 2018

«Өрнек». Төлен Әбдік. Бір шығарманың сыры

110 реткөрсетілді

Кез келген өнердің өрнегін тауып, қайталанбас қолтаңбасы бар әр тұлғаның мөлтек сырын аша білген «Өрнек» бағдарламасының бүгінгі кейіпкері – жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдік. Жазушы бағдарламаның бүгінгі санында оқырман тебіріне оқитын «Әке» повесі жайлы бұрын соңды айтылмаған сырымен бөлісті.

Төлен Әбдіктің шығармалары адамгершілік, ізгілік, мейірім, секілді асыл қасиеттерге баулиды. Әсіресе оның «Әке» повесінің орны бір төбе. Жазушы бұл шығармасында жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақ халқының басынан өткен ауыр тағдырды Сайлау әкесінің әңгімелері арқылы шебер баяндайды. 

Жазушы кейіпкердің өмірі арқылы, қазақ халқының тағдырын жеткізуді мақсат етті ме?

Шығармадағы сан қилы оқиғаның өзі туып өскен өңірге қандай қатысы бар?

Әке мен бала арасындағы қарым-қатынас қандай болу керек?

Бұрынғы әке мен баланың айырмашылығы неде?

Осы және өзге де сұрақтардың жауабын толығырақ «Өрнек» бағдарламасынан көріңіз.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Төлен Әбдіктің туған күні. Жазушы 76 жасқа келді. Деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз!

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар