Бокс • 05 Қыркүйек, 2018

Үш боксшымыз жартылай финалда

164 реткөрсетілді

Ресейдің Элиста қаласында өтіп жатқан студенттер арасындағы әлем біріншілігіне Қазақстаннан алты боксшы аттанған еді. Түрлі себептерге байланысты солардың екеуі жарыс жолына шықпады. Ал бір жерлесіміз тұсаукесер кездесуінде ұтылса, қалған үш өреніміз жүлделі орындар үшін таласуда. 

52 кило салмақ дәрежесіндегі былтырғы жылғы Қазақстан біріншілігінің қола жүлдегері Абай Қуандықов ширек финалда студенттер арасындағы Ресей чемпионы Богдан Шишкинмен кездесті. Қандасымыздың қарсыласы айтулы жарыстағы Қалмақстан Республикасының жалғыз өкілі болғандықтан, Элистадағы спорт кешеніне жиналған жанкүйерлердің барлығы да оған барынша қолдау көрсетті. Бірақ бұл жағдай біздің жігітке еш әсер еткен жоқ. Өте сауатты жекпе-жек өткізген Абай үш раунд бойы Богданға адым аштырмай, ақыры діттеген мақсатына қол жеткізді.

60 кило салмақтағы спортшы Ержан Ордабаевтың да жеңісі еш күмән туғызған жоқ. Ол франциялық Элиас Фриадан басым түсті. Көп ұзамай шаршы алаңға Бекболат Құрамысов көтерілді. 69 кило салмақ дәрежесінде күш сынасып жүрген жерлесіміздің бір басына жетерлік атағы бар. Ол –студенттер арасындағы әлем мен Азия біріншіліктерінің жүлдегері, бірқатар халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпазы. Былтыр Шымкентте өткен Қазақстан чемпионатында Дастан Сәдуақасовтың шәкірті үшінші орынға табан тіреген болатын. Ширек финалда Беларусь елінің белді былғары қолғап шеберлерінің бірі Алексей Зерновқа қарсы дұрыс тактика құра білген Бекболат бұл жекпе-жекте жеңіске жетті.  

Осылайша, Қазақстанның үш боксшысы жүлделі орындар үшін таласу құқығына ие болды. Жартылай финалда Абай Қуандықов жапондық жігітпен қолғап түйістіреді. Ержан Ордабаев 2016 жылғы ерлер арасындағы Ресей чемпионы, 2017 жылғы Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері, ресейлік Габил Мәмедовпен күш сынасады. Ал Бекболат Құрамысовтың қарсыласы – Польшаның өкілі Вашала Филип.       

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Crown Батыс» «Тұлпарға» айналады

Аймақтар • Бүгін, 16:28

Негізгі бағыттар айқындалды

Аймақтар • Бүгін, 15:00

Алматыда қойма өртеніп жатыр

Аймақтар • Бүгін, 09:28

20 жыл аңсаған алтын...

Спорт • Бүгін, 09:25

Сырттанов туралы сыр

Руханият • Бүгін, 09:23

«Алтын аймақ» – Ақмешітте

Руханият • Бүгін, 09:20

«Шаңырақтың» шапағаты

Руханият • Бүгін, 09:13

20 мыңға жуық адамның азабы – жол

Экономика • Бүгін, 09:11

Жұртым деп келген жеткіншектер

Руханият • Бүгін, 09:08

Тағылымы мол кездесу

Аймақтар • Бүгін, 09:03

Бақтың барар жері – ынтымақ

Аймақтар • Бүгін, 08:46

Тырнақалды туындының тың тынысы

Аймақтар • Бүгін, 08:42

Саф өнерге сұраныс жойылмайды

Руханият • Бүгін, 08:40

Әлеуметтік желілер: сөз бен көз

Руханият • Бүгін, 08:39

Аграрлық банк құрылса...

Экономика • Бүгін, 08:30

Жол құрылысына серпін берді

Саясат • Бүгін, 08:27

Ұқсас жаңалықтар