Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2018

«Балдәурендегі» жас патриоттар академиясы ашылды

930 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­­тың «Жаңа технологиялық қа­лып біздің қалай жұмыс істей­ті­німізді, азаматтық құқықта­ры­мыз­ды қалай іске асыратынымыз­ды, балаларымызды қалай тәр­бие­лейтінімізді түбегейлі өз­гер­ту­де» деген сөзі баршамызға ой салады. Бұл ретте тұлғаның дарыны мен қабілетін дамытуға, оның әлеу­меттік қорғалуына және дос­­тық қарым-қатынас орта­­сын құ­руға бағытталған тәр­бие тех­но­л­огиялары мен әдіс-тәсіл­­дері ерекше «Балдәурен» респуб­­ликалық оқу-сауықтыру орта­лы­ғының үлесі зор. 

«Балдәурендегі» жас патриоттар академиясы ашылды

2016 жылы орталық өмі­рін­дегі маңызды оқиға Жас патриот­тар академиясы ашылды. Өс­келең ұрпақты патриоттыққа тәрбие­леудің ядросы және қоз­ғаушы күші болатын академия жыл сайын «Біз – Мәңгілік ел­дің іргетасын қалаушы Ұлы Дала ұр­пағымыз!» атты респуб­ли­ка­лық па­т­риоттар форумын өткізіп келеді.

Жас патриоттар академия­сының мүшелері өз мектеп­те­рін­де, қала, облыс көлемінде пат­­­­­риоттық тәрбие, рухани-адам­­­­гершілік құндылықтарды қа­лып­­­­тастыру бағытында жұ­мыс­­­та­­­­рын жалғастырып, жалпы­ұлт­­тық патриотизмнің өзегіне айналды.

Республика бойынша зор қолдауға ие болған  «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша да орталық өздерінің елді мекендерін зерттеп, тарихын танып, абыро­йын асқақтату үстінде көптеген істерге ілкі қадам жасап отыр.

Жас патриоттар академия­сы­­ның жұмысы әр баланың Отан­ға адал, қоғамға пайда әкеле­тін пат­риот­тық тәрбие жүйесін қа­лып­тастыруға ықпал етеді. Осы мін­деттерді орындауда да балаларды сауықтыру орталықтарының атқаратын үлестері зор.

Аталған орталық интеллек­туалдық дарынды және өзіндік азаматтық ұстанымымен пат­риоттық тәрбие алған жеке тұл­­ғаны дамыту және қолдау үшін барлық жағдайды жасауға ұмты­луда. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «100 нақ­ты қадам» Ұлт жоспарында бел­гілеген бастамалары аясын­да «Балдәурен» ұжымы педаго­гикалық шеберліктің алдыңғы шебінде болуға қадам жасай отырып, ең таңдаулы халықаралық креативті технологияларды таңдап, талмастан игеруде.

 

Жангелді ӘМІРҒАЛИЕВ,

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы бас директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы