Медицина • 05 Қыркүйек, 2018

Зағип жандар смартфонды меңгеруде

879 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Алматыдағы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана қызметкерлері қала маңында тұратын мүмкіндігі шектеулі жандарды қажетті кітаптармен қамтамасыз етуде жүйелі жұмыстарды жолға қойған. Әр аптаның сәрсенбі күндері кітапхана мамандары белгілі мекенжайлар бойынша тапсырыс берілген әдебиеттерді оқырмандарға жеткізіп тұрады. Бүгінде кітапхананың оқырмандары 2 мыңнан асатын болса, үйден тапсырыс беріп оқитындар саны – 45. 

Зағип жандар смартфонды меңгеруде

Сәрсенбідегі кезекті ісса­пар барысында кітапхананың ди­­ректоры Асхат Байұзақов пен кітапхана қорын сақтау және абонемент бөлімінің мең­ге­ру­ші­сі Айым Мұсабекова оқыр­мандармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, тиісті әдебиет­терді үлестірді.

Кітапты үйге жаздыртып алып оқитын оқырмандардың бірі – Нелли Бабина жасының кел­геніне қарамастан, кітап оқудан қол үзбеген жан. Осы жолы «Сва­рог», «По ту сторо­ну льда», «Я очень хочу жить» және жануарлар әлеміне қа­тысты кітаптарға тапсырыс берген екен. Наталья Саяпина да тұрақты оқырман ретінде ­поэзия, проза, әскери тақырып­­та­­ғы әдебиеттерді үзбей оқып тұрады. Оқитын кітаптарын үйге дейін жеткізетін кітапхана қызметкерлеріне алғысы шек­сіз. Валентина Сахбаева да кі­тап­хананың ұзақ жылдан бергі тұрақты оқырманы. С.Мұ­қа­нов­тың «Ботагөз» романын және С.Есениннің өлеңдері мен поэ­маларын оқып шықпақ ниетте.

Палина Манушина үшін де кітап оқу үлкен ғанибет. Жасы жетпістен асса да уақытының басым көпшілігін кітап оқып, немерелеріне арнайтын ол кітап­хана қызметкерлері келгенде бір мәре-сәре болып қалаты­ны бар. Ал Өтеген батыр кен­тінде тұратын Наталья Наумчак кейіннен зағип болған жан. Кі­тапхана қызметкерлерін ерекше көңіл-күйде қарсы алған Наталья Васильевна «Менің қазақ тілін үйренгім келеді» деп бастады әңгімесін. Өз ортасында хор­ға қатысатын жан үшін тіл біл­мегендігінен ұжыммен дидарласу қиынға соғуда. «Тілді смартфон арқылы игеруге болады. Телефоныма арнайы бағ­дарламаны жүктеп алдым. Бірақ ол үшін смартфонды қалай пайдалану қажеттігін үйренуім қа­жет», деді. Қызу әңгіме барысында талап білдірушілер болса Брайль қарпіне де үйретер едім деген ұсынысын білдірді.

«Ұсынысыңызды жергілікті әлеуметтік сала мамандарына жеткізіп, компьютер, смартфонды үйренуіңіз үшін кітапханаға келуіңізге көмектесуге тырыса­мыз», деді оқырман тілегін құп­таған кітапхана директоры. Кі­­­тап­хана мамандарының бір күн­гі жұмысы тиісті мекенжай­­лар­ға кітап таратумен жал­ға­сын тапты. Осы күні оқыр­ман­­дар­ға Ғ.Мүсіреповтың «Өмір жо­рығы», Ю.Семеновтың «Дип­ло­матический агент», В.Шук­шин­нің әңгімелер жина­ғы, Д.Ру­бинаның «Цы­ганка», Е.Гай­ва­ровскаяның «Наслед­ство» сияқ­ты кітаптары СД дискке, таспа­ға жазылып, Брайль қарпінде үлестірілді.

Көзі көрмегенімен кітап оқу­ды өмірінің бір бөлшегіне айнал­дырған мүмкіндігі шектеулі жан­дардың белсенді, көңілді әрі зерек екендігі олардың әрбір сөзі мен іс-қимылынан аңғарылады. Мынау әлемнің көріністерін өз қалпында көре алмағанымен, ішкі түйсігімен қабылдап, айна­ласындағыларға ерекше күш-жігер сыйлайтындай әсер береді. Оқыған әдебиеттері арқылы таным-түйсігін ғана дамытып қой­май, кітап оқуға уақыты жет­пей жүрген айналасындағы жа­қындарымен бөліскенді ұна­тады. Ерік-жігері шыңдалған зағип жандар заман ағысынан қалыспай, жаңашылдықтарды да дер кезінде меңгергісі келеді. Күнделікті жаңалықтарды есту арқылы және қағаз бетіндегі бедерлі нүктелермен танитын зағиптар үшін кітап, газет оқудың маңызы зор. Бүгінде кітапханада республика ай­мақтарына тегін таратылатын Брайль қарпіндегі «РБНСГ-Вести» және «Менің жолым» – «Мой путь» дыбысты газеттері жарық көріп тұрады.

Кітапхана директоры Асхат Құ­сайынұлы бүгінде қазақ тіл­­­ді кітаптарды көптеп шы­ғару қа­­жет­тілігін алға тартты. Оқыр­­­мандардың екі тілдегі әде­биет­­терге де сұранысы зор. Кі­тапхана қоры жыл сайын то­лықтырылып отырады. Бүгінде онда 250 мыңға жуық кітап пен басылымдар бар дегенімізбен де, соңғы жылдарда көптеп жарыққа шығып жатқан жас авторлар еңбектерін, қазақ тілінде шығып жатқан басқа да қызықты басылымдарды Брайль қарпінде шығару талабы туындап отыр. Орыс тіліндегі кітаптар Мәскеу және Петербордан жеткізілетін болса, елімізде қазақ тіліндегі кі­таптарды басатын өндіріс орындары кемде-кем.

Ал Брайль қарпімен қазақ тілінде шығатын кітаптар атал­ған кітапханада зағиптар қолы­мен жасалса, бұл бағыттағы жұ­мыс­тарды жетілдіру мақса­тында зағиптар қоғамымен бай­­ланыстар жалғасын табуда. Заман талаптарына орай за­ғип­тардың сұранысын өтеу уақыт күттірмейтін мәселе. Осы тұр­ғыдан алғанда кітапханада «Daisy» форматындағы кітап­тарды жасау, редакциялау жұ­мыстары, яғни арнайы студияда дыбыс арқылы жазылатын диск-кітаптарды жазу жұмыстарының өзіндік ерекшелігі бар. Дыбыстау жұмыстарына сырттан мамандар шақырылатындықтан, дыбыс ырғағына талғам жоғары. Жа­зылған дыбыс пен кітап маз­мұнының үйлесімі оқырман-тыңдаушының көңілінен шыға­тындай болуы керек.

Кітапханадағы тағы бір тоқта­лып өтетін мәселе, компьютер, смартфон тілін зағип жандар аса құлшыныспен игеруде. Техника тілін меңгеруге баулитын мамандар құрамы да зағип жандардан құралған. Бүгінде кітапханада жұмыс істейтін қызметкерлердің 20%-ін зағиптар құрайды.

«Кітапханашының міндеті оқырманға кітапты жеткізу болса, оқыту, үйрету мәселесіне әлеу­меттік сала мамандары қолдау көрсетуі қажет. За­ғип жандар да қоғамның ерекше қам­қорлығына зәру тобы бол­ғандықтан, олардың сұра­ны­сына жауап беріп отыру кез келген өркениетті елдің үлгісі», дейді Асхат Құсайынұлы.

Кітапханада сонымен қатар көру қабілетінен жүре айырыл­ған балаларды психология­лық қолдау кабинеті жұмыс істейді. Арнайы сабақтарда ма­мандар олардың әлеуметтік ортаға, яғни қоғамдық орындарда еркін жүріп-тұруы үшін әртүрлі кедергілерді, дыбыстарды ажыратуға бейімдеуі қажет.

Зағип жандар қоғамның бел­сенді мүшесі ретінде кітапхана қабырғасында өтетін «Ашық есік» күндеріне мәдени, спорт­­тық шараларға белсене қа­ты­сады. Ал кітапхананың бұл ба­ғытта қол­ға алған жұмыстары өз алдына бір бөлек.

 

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ